Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін Комитет қызметкерлері атап өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін Комитет қызметкерлері атап өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекеленеді. Биыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толып отыр.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ұжымы аталған мерекені атап өтті. Салтанатты жиында Комитет төрағасы Асқар Шәкенұлы Жақыпбаев сөз сөйлеп, ұжымды айтулы  датамен  құттықтады.

«Мемлекеттік рәміздер кез келген мемлекеттің егемендігі мен бірлігін білдіретін ажырамас атрибуттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран.

Осы жарқын, мерекелік күнде амандық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз!