Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде жиын өтті

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде жиын өтті

 Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Жақыпбаев А.Ш. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, оның аумақтық инспекцияларының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қатысуымен ZOOM форматында кеңес өткізді.

3 мәселе қаралды: біріншісі бойынша Комитет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері айтылып, қорытындылары бойынша Комитеттің барлық аумақтық инспекциялары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тапсырылды;

екінші мәселе 2022 жылғы 5 маусымда өтетін алдағы республикалық референдумға қатысты, онда Қазақстан Республикасының Конституциясы халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асыратыны белгіленгені;

 үшінші мәселе бойынша Қазақстандағы эпизоотиялық жағдай және 2022 жылға арналған алдын алу шаралары қаралды.