Комитет төрағасы А. Жақыпбаев"Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорны ЖШС-да болды

Комитет төрағасы А. Жақыпбаев"Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорны ЖШС-да болды

2022 жылғы 1 маусымда Алматы қаласына және Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР АШМ ВБҚК төрағасы А.Жақыпбаев ҚР АШМ ВБҚК "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық" ШЖҚ РМК бас директоры М. Бердіқұлов ветеринария саласындағы биологиялық және дәрілік препараттарды өндіруші болып табылатын "Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорны ЖШС-не барды.

Кәсіпорынды аралау шеңберінде "Антиген" ҰКП ЖШС директоры, ветеринария ғылымдарының докторы және профессор Ахметсадықов Нұрлан Нұролдинұлы препараттарды өндіру кезінде EU GMP халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сапа қамтамасыз етілетінін (тиісті өндірістік практика), сондай-ақ кәсіпорынның МЕМСТ ИСО 17025 сәйкес өзінің аккредиттелген сынақ орталығы бар екенін атап өтті.

Талқылау барысында сапалы биопрепараттар шығару, мемлекет тарапынан жасалған ұзақ мерзімді шарттар, субсидия бөлуге көмек көрсету мәселелері көтерілді, сондай-ақ еліміздегі бруцеллез бойынша эпизоотиялық жағдай талқыланды.