Комитет төрағасы А. Жақыпбаев ҚР АШМ ВЖҚК "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық" ШЖҚ РМК Алматы филиалына барды

Комитет төрағасы А. Жақыпбаев ҚР АШМ ВЖҚК "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық" ШЖҚ РМК Алматы филиалына барды

2022 жылғы 31 мамырда ҚР АШМ ВБҚК төрағасы А.Жақыпбаев орталық референттік зертханада (Алматы қ.) орналасқан ҚР АШМ ВБҚК "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық" ШЖҚ РМК Алматы филиалына барды.

Орталық референттік зертханада АФ Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарына және Алматы қаласына қызмет көрсетеді, сондай-ақ филиалда мынадай зертханалар орналасқан:

1) жұқпалы аурулардың диагностикасы;

2) тамақ өнімдерін талдау;

3)сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының ұлттық коллекциясы.

А.Жақыпбаев МДМ аралау аясында ҚР АШМ ВЖҚК Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының бас директоры Мақсат Аманбекұлы Бердіқұловпен және ҚР ДСМ М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының бас директоры Тоқтасын Кенжеканұлы Ерубаевпен кездесу өткізіп, сектораралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Талқылау барысында биологиялық қауіпсіздікті және биологиялық қорғауды қамтамасыз ету, ветеринария, эпидемиология және зертханалық диагностика саласындағы мамандардың үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық жөніндегі екі орталықтың арасындағы одан әрі перспективалар айқындалды.