
Қазақстандағы эпизоотиялық жағдай бойынша бұрын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында жарияланған ақпаратқа (https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/373151?lang=kk) сайт оқырмандарында сұрақтар туындады.
Осыған байланысты, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті толық мәтінді түсіндіріп жариялайды.
Қазақстанда жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне 68 ауру мен инфекция түрі енгізілді, оның ішінде жануарлардың 45 ауруы бойынша қолайлы эпизоотиялық жағдай байқалады, 23 ауру бойынша арнайы ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Халықаралық эпизоотиялық бюро жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізіміне 88 түрлі ауру мен инфекцияны енгізді.
Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар (профилактика, диагностика, жою) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген аурулар бойынша жүргізіледі. Республикада мұндай профилактикалық іс-шаралар жануарлардың 23 ауруы бойынша жүргізіледі, бұл вакцинация және диагностика.
Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының ақпараты бойынша ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аса қауіпті аурулар бойынша алдын алу іс-шараларының жоспарын бекітеді. 2022 жылы аса қауіпті аурулар бойынша жануарларды вакцинациялау бойынша – 160,5 млн.вакцинация, диагностика бойынша – 34,1 млн. зерттеу жоспарланған.
2022 жылдың басынан бері республика аумағында 177 қолайсыз пункт тіркелді. Оның ішінде аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша 91 пункт (оның ішінде 51 ошақ жойылды, ал қалған 40 ошақта ветеринариялық іс - шаралар жүргізілуде), ал бруцеллез бойынша 86 пункт (оның ішінде 20 пункт сауықтырылды, ал қалған 66 пунктте ветеринариялық іс - шаралар жалғасуда).
Осыған байланысты 58 516 бас ІҚМ, 4707 бас ҰММ, 2388 бас жылқы және 633 ет қоректі (мысықтар мен иттер) жоспардан тыс мәжбүрлі вакцинациялау жүргізілді, сондай – ақ 1,0 млн.шаршы метрден астам дезинфекциялық құралдар бөлінді.
Ағымдағы жылдың 4 айында 61 бас мал алынып, жойылды.
Ағымдағы жылдың 1 мамырына республика бойынша 13,04 млн.сырға (бирка) бар: ІҚМ-2,2 млн., ҰҚМ-8,6 млн., шошқа-2,1 млн., түйе-36,9 млн.
Сонымен қатар, 2022 жылдың бірінші тоқсанында ветеринариялық-санитариялық талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік ветеринариялық инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 12 966 нұсқама жазып берді. Нұсқамалардың орындалуын тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК бабына сәйкес, жалпы сомасы 208,6 млн.теңгеге 6 088 әкімшілік айыппұл салынды.
Анықтама:
Етқоректілер - негізінен етпен қоректенетін жануарлар;
Ауру бойынша қолайсыз пункт (жайсыз пункт) – эпизоотия ошағы белгіленген аумақ;
Эпизоотиялық ошақ, инфекция немесе инвазия қоздырғышының көзі болатын жер (малшы. үй-жай) және оның айналасы (мысалы, жайылым), оның шегінде тиісті берілу механизмдеріне байланысты ауру қоздырғышының таралуы мүмкін.