
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «РЭО»РММ), Ветеринария жүйесін реформалау бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарында (жол картасы) көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» және «РЭО» РММ өзара ынтымақтастық туралы 2022 жылдың 18-ші ақпанында меморандум жасалды.
Меморандум аясында білім және зерттеу жұмыстары саласында тәжірибе алмасу, білім алушылардың «РЭО» РММ ғимаратында оқу-клиникалық іс-тәжірибеден өтуі қарастырылған.
2022 жылдың 11-ші сәуірінен бастап Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ветеринария және жануарлар технологиясы» факультетінің 4-ші курс студенттері «РЭО» РММ ғимаратында оқу-клиникалық іс-тәжірибеден өтіп жатыр. «Жануарлардың аса қауіпті жіті және созылмалы өтетін жұқпалы аурулары» бойынша «РЭО» РММ директоры, ветеринария ғылымдарының магистрі С.Б.Абдулхаликов және университет оқытушылары Ашимова К.К., Ешмухаметов А.Е, Бакишев Т.К., Бейсембаев К.К., Байниязов А.А., Мурзакаева Г.К. дәріс өткізілуде. Дәріс келесі тақырыптар бойынша жүргізілуде:
1.«Жіті өтетін жұқпалы аурулар»
2.«Созылмалы өтетін жұқпалы аурулар»
3.«Залалсыздандыру жұмыстары»
4.«Аса қауіпті ауру ошақтарындағы жануарларды жою жұмыстары».