Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Атырау облысына ғылыми-зерттеу институттары мамандарының іссапарының қорытындысы бойынша бейнеконференция отырысын өткізді

Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Атырау облысына ғылыми-зерттеу институттары мамандарының іссапарының қорытындысы бойынша бейнеконференция отырысын өткізді

Бүгін Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Атырау облысында жылқылардың аурулардың анықталуына байланысты ғылыми-зерттеу институттарпының мамандарының («Қазақ Ғылыми-Зерттеу ветеринария институты» ЖШС-нен және ҚР БҒМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК) зерттеу сапарының қортындысы бойынша бейнеконференция форматында жиналыс өткізді.

Жиналысқа қазақстандағы жылқы қауымдастығы мүшелері, Қазақ Ғылыми-Зерттеу ветеринария институты» ЖШС-нен және ҚР БҒМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК ғалымдары және Атырау өңіріндегі ауыл шаруалылық басқарма мамандары мен ветпунктегі мал дәрігерлері және аумақтық инспекция мамандары қатысты.

Жиын барысында Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің басқарма басшысы Саян Құрманғалиев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығының 5-қосымшасындағы жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiне сәйкес Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатындығын мәлімдеді. Ал қалған паразитарлық ауруларға емдік іс-шаралар жануар иесі есебінен жүргізілетіндігі айтылды.

Қазақ Ғылыми-Зерттеу ветеринария институты Бас директорының орынбасары Абдыбекова Аида Макеновна атқарылған жұмыс қорытындысына сәйкес жануарлардың өліміне әкелетін паразиттің 3 түрі анықталғанын мәлімдемеді. Осыған орай, емшаралары бойынша ұсныстарды атап өтті. Осыған қоса жиын қорытындысы бойынша Атырау облысы Ауыл шаруашылық басқармасы Қазақ Ғылыми-Зерттеу ветеринария институтымен бірлесіп алдағы уақытта шаруа қожалықтармен ұқсас кездесу ұйымдастыруға ниет білдірді.

Ғылыми-Зерттеу ветеринария институты жасаған қортындыны слайдтан таныса аласыздар.