
Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде бейнеконференция форматында Россельхознадзор басшысының орынбасары Константин Савенков ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаевпен кездесті.
Келіссөздер шеңберінде тараптар екі елдің бірқатар өңірлеріндегі құс тұмауы бойынша қолайсыз эпизоотиялық жағдайға байланысты бұрын енгізілген өзара шектеулерді алып тастау мүмкіндігін талқылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасына және жануарлардың денсаулығын қорғау жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (ХЭБ) жерүсті жануарларының Кодексінің ұсынымдарына сәйкес Ростов, Саратов, Челябинск, Ставрополь өлкесінен, Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасынан және Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Ақмола облыстарынан құс шаруашылығы өнімдерін екі жақты жеткізуді жаңарту мүмкіндігі қарастырылуда.
Сонымен қатар, Константин Савенков пен Асқар Жақыпбаев жақын арада эпизоотиялық сипаттағы шектеулерді алып тастауға қатысты қосымша мәселелерді талқылау үшін бетпе-бет кездесу өткізуді жоспарлап отыр.