ҚР АШМ ВБҚК «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖЖҚ РМК бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

ҚР АШМ ВБҚК «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖЖҚ РМК бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

Функционалдық міндеттері: Заңнамаға сәйкес Кәсіпорынның  өндірістік-шаруашылық, қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылық етеді. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау мақсатында жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларының диагностикасы, ветеринарлық-санитарлық сараптама және зертханалық зерттеулер жүргізу бойынша мемлекеттік монополия функцияларының білікті және толық орындалуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары бойынша диагностикалық зерттеулерге, ветеринарлық-санитарлық сараптамаға және зертханалық зерттеулерге баға прейскуранттарын әзірлеуді ұйымдастырады.  Жануарлар ауруларының диагностикасы және ветеринарлық-санитарлық сараптама, азық-түлік өнімдерін зертханалық тексеру, оның ішінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық зертханасының даму тенденцияларын бақылайды және болжайды. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде әзірленген жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша ветеринариялық шаралар жоспарының орындалуын ұйымдастырады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Білімі – ветеринария (ветеринария, ветеринариялық санитария) мамандығы бойынша жоғарғы білім;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Азаматтық Кодексін (жалпы және ерекше бөлімдері), ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», ҚР «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, кәсіпорынның өндірістік–шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін заңды және нормативтік құқықтық актілерін, кәсіпорын қызметі мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі; 
  • Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
  • Компьютерде Microsoft Office бағдарламаларымен, электронды поштамен, интернетпен жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2-кіреберіс, анықтама телефоны 87473313566, baizhumanova.s@minagri.gov.kz мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.