ҚР Президентінің Жолдауын іске асырудағы ветеринария жүйесін реформалау бойынша

ҚР Президентінің Жолдауын іске асырудағы ветеринария жүйесін реформалау бойынша

2021 жылғы 20 қазанда ветеринария басқармасы басшыларының, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент республикалық маңызы бар қалалардың  жергілікті атқарушы органдарының және ҚР ЦДИАӨМ цифрлық трансформация орталығы өкілдерінің қатысуымен ветеринария жүйесін реформалау бойынша кеңес өткізілді.

Ағымдағы жылдың 22 қазанында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының яғни "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ, "Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК, "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық"РМК ұсыныстары тыңдалды.

Осы кеңестер барысында облыстардың және қалалардың жергілікті атқарушы органдары (ЖАО) және Комитеттің аумақтық инспекциялары дайындаған ветеринария жүйесін реформалау бойынша ұсыныстар талқыланды. Қорытындысы бойынша ветеринариялық жүйені реформалауға ұсыныстар жиынтығы жасалып, орталық пен өңірлер арасында ветеринария саласындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату бойынша салыстырмалы кесте әзірленді.