
Ағымдағы жылғы 5-6 қазанда штаттан тыс кеңесші т.М. Нұркиянов Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі"атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі мәселелерді талқылау үшін Ақмола облысының Қорғалжын және Ақкөл аудандарына барды.
Ү.ж. 14-15 қазанда ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Г. С. Нұртазина Павлодар облысының Успен ауданында орналасқан ветеринарлық бөлімшелерге барды. Сапар барысында аумақтық инспекция өкілдерінің, Павлодар облысының аудандық және қалалық ветеринариялық стансалары, «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» филиалы және «Республикалық ветеринариялық зертхана» басшыларының ұсыныстары айтылды.