Төрағаның м.а. Б. К. Абызбаевтың Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары

Төрағаның м.а. Б. К. Абызбаевтың Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары

Бақылаудағы нысандардағы эпизоотиялық жағдайды зерттеу, ҚР АШМ ВБҚК Төрағасының м.а. Б. Абызбаев жоғары патогенді құс тұмауының таралуын болдырмауға бағытталған іс-шаралармен таныстыру мақсатында "ҚР АШМ ВБҚК" Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ, ҚР АШМ ВБҚК "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық" ШЖҚ РМК бірлесіп Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.

Оның шеңберінде "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК Қостанай облыстық филиалы директорының, "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ Қостанай филиалы басшысының, Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының басшысы мен қызметкерлерінің, сондай-ақ ҚР АШМ ВБҚК аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңес барысында аудандық аумақтық инспекция басшылары эпизоотиялық жағдайдың жай-күйі, оның ішінде жоғары патогенді құс тұмауы, сондай-ақ аудан аумағында жүргізілетін ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар туралы баяндады. Оның барысында эпизоотиялық саулықты қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу жолдары талқыланды.