
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2021 жылы қазан айының 15 күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидаларын бекіту туралы» № 134 бұйрығының 3 Тарауы 15 тармағына сәйкес «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК көрсетілетін мемлекеттік монополия қызметтеріне баға жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізеді.
Жария тыңдау мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы 50/1, 7-ші қабат.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 55-59-40, 8 (7172) 91-60-82, 91-60-83.
Сайт: www.gov.kz , эл.пошта: priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz
Сайт: www.rvl.kz . эл.пошта: resvetlab@mail.ru