
2021 жылғы 19-20 тамыз аралығында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м.а. Б. Абызбаевтың және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ні цифрландыру департаментінің директоры Б. Алпысбековпен Түркістан облысына жұмыс сапары өтті, оның барысында ҚР АШМ ВБжҚК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының, ҚР АШМ ВБжҚК «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ Түркістан облысы бойынша филиалының, ҚР АШМ ВБжҚК «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК ОҚРФ басшысымен және қызметкерлерімен кездесу өтті. Сонымен қатар, эпизоотиялық саулықты қамтамасыз ету, Түркістан облысынан үшінші елдерге жануарларды экспорттау кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шараларды жүргізу, Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру мәселелері, ветеринариялық қызметтерді жарақтандыру мәселелері және проблемалық мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, облыстың карантиндік алаңдары мен шаруа қожалықтарына барды.