
ҚР АШМ ВБҚК Төрағасының м.а. Б. Абызбаев Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы және оның қызметкерлерімен, «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ның Түркістан облыстық филиалы, Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы, ҚР АШМ ВБҚК Түркістан облысының «Республикалық эпизоотиялық отряд» РММ филиалы басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында эпизоотиялық ахуалды қамтамасыз ету, ветеринариялық – профилактикалық және диагностикалық іс – шаралар жүргізу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ветеринариялық қызметтер жарақтандыру мәселелері және проблемалық мәселелерді шешу жолдары талқыланды.