
Солтүстік Қазақстан облысындағы бақылаудағы объектілердегі эпизоотиялық жағдайды зерттеп - қарауды жүргізу шеңберінде жұмыс сапарымен: «Адель Кус» ЖШС, «Петропавл бройлер құс фабрикасы» ЖШС, «Фирма Алекри» ЖШС, "Якорская птицефабрика" ЖШС, "Есіл құс фабрикасы" ЖШС жұмыстарымен танысты. Проблемалық мәселелер тыңдалып, анықталған бұзушылықтарды жою және ветеринариялық–санитариялық талаптарды сақтау бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Сондай–ақ, ҚР АШМ ВБҚК Төрағасының м.а. Б. Абызбаев Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы және оның қызметкерлерімен, "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК-ның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директорымен кездесу өткізді. Кездесу барысында эпизоотиялық ахуалды қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың, табиғатты қорғау қызметінің өкілдерімен, Айыртау ауданының қорықшыларымен және ауылдық округтің тұрғындарымен үй құстарын күтіп – ұстау және ветеринариялық–профилактикалық іс-шараларды өткізу бойынша ветеринариялық-санитариялық талаптармен танысу мақсатында кездесу өтті.