Құтырумен ауыратын жануарлардың еті Қырғызстан Республикасынан Қазақстан базарларына сатылу туралы қатысты ақпарат

Құтырумен ауыратын жануарлардың еті Қырғызстан Республикасынан Қазақстан базарларына сатылу туралы қатысты ақпарат

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қырғыз Республикасында ауыл шаруашылығы жануарлары арасында құтырудың өршуіне және олардың етін ҚР базарларында сатуға қатысты ақпарат (ролик) таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені Қырғызстаннан ет өнімдерін әкелуге енгізілген шектеу қолданылады, шара осы республикадағы жануарлардың қауіпті аурулары бойынша қолайсыз жағдайға байланысты қабылданды. (19.10.2011 ж. № 18-02-37/8041-и шешімі)

Бүгінгі күні ақпарат Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттеріне жеткізілді. Етті контрабандалық тасымалдау әрекеті ресми расталған жағдайда, мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғыз учаскесінде бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданатын болады.