Ресейлік жұмыртқалар кері қайтарылды - АШМ

Ресейлік жұмыртқалар кері қайтарылды - АШМ

ҚР АШМ мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары заңсыз Қазақстанға өткізілмек болған ресейлік 36 мың дана жұмыртқаны кері қайтарды

2021 жылы 11 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының ветеринариялық-санитариялық пунктінде ветеринариялық заңнаманы бұза отырып тасымалданған 36 000 дана азық-түлік жұмыртқаларын алып келудің алдын алды. Өнім Ресей Федерациясынан, Орынбор облысынан ЕАЭО талаптарына сәйкес келмейтін ветеринарлық сертификатпен еліміздің ірі қалаларының біріне жіберілген. Заңға сәйкес жүк экспорттаушы елдің аумағына қайта қайтарылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында Сыртқы мемлекеттік шекарасында 31 Ветеринариялық бақылау бекеті орналасқан. Шекара маңындағы мемлекеттік шекараның Ресей – Қазақстан және Қырғыз-Қазақстан учаскелерінде 32 Ветеринариялық бақылау бекеті орналасқан.

 2021 жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелерді бұзғаны үшін 3 325 380 теңге айыппұл салынды.