
Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы болып Гүлжан Нұртазина тағайындалды.
1979 жылы 28 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "ветеринариялық-санитариялық дәрігер"біліктілігі бойынша аяқтады.
2006 жылы "Қаржы" мамандығы бойынша басқару институтын, 2007 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі"мамандығы бойынша бітірген.
2001 жылдан бастап АШМ Ветеринария департаментінде жұмыс істейді.
2008 жылдан – Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру жөніндегі жобаның бас консультанты.
2012 жылдан бастап "ҚазАгроИнновация" АҚ-да табиғи ресурстар департаментінің директоры, Ветеринариялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2013 жылғы шілдеден бастап АШМ ветеринарлық, фитосанитарлық және азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры болып еңбек етті.
2020 жылғы 4 қарашадан бастап Комитеттің Ветеринариялық бақылау және қадағалау төрағасының міндетін атқарады