ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Бауыржан Кемербайұлы АБЫЗБАЕВ АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

1983 жылы 9 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық аграрлық университетін мал дәрігері (2005) және заңгер (2011) мамандықтары бойынша бітірген.

Алматы қаласында АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының ветеринариялық инспекция бөлімінің жетекші маманы, бас маманы (2006-2013); Алматы қаласы бойынша АШМ аумақтық инспекциясының Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы (2013-2015) болып жұмыс істеді.

2015 жылдың ақпан айынан бастап-Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары.

2019 жылғы наурыздан бастап АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және тамақ қауіпсіздігі басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2019 жылғы маусымнан бастап – АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы.