
"Республикалық ветеринариялық зертхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында өндірістік қызмет жөніндегі жаңа бас директордың орынбасарын ресми таныстыру рәсімі өтті. Бұл лауазымға ветеринария саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар маман — Шоқұбасов Валихан Баялыұлы тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Қызайбаев Тасқын Серікович ұжымды Валихан Баялыұлымен таныстырып, оны жаңа қызметімен құттықтап, өндірістік бағыттың эпизоотиялық тұрақтылық пен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті.
Шоқұбасов В.Б. өз еңбек жолын аудандық ветеринариялық станцияның меңгерушісінен бастап, орталық және өңірлік құрылымдардағы басшылық қызметтерге дейінгі сатыдан өтті. Ол жылдар бойы ветеринариялық бақылау, зертханалық диагностика және өндірістік үдерістерді ұйымдастыру салаларында терең білімі бар жоғары білікті басқарушы ретінде танылды.
Валихан Баялыұлының бұл лауазымға тағайындалуы басқару жүйесін нығайтуға, зертхананың филиалдарының жұмыс тиімділігін арттыруға және зертханалық диагностиканың заманауи тәсілдерін енгізуге бағытталған. Ұжым оның басшылығымен өндірістік қызметтің жаңа серпін алып, әрі қарай дамитынына сенім білдірді.