
2025 жылғы 25 мамырда Жамбыл облысы Қордай ауданының шекаралық аймағында орналасқан «Қарасу» ветеринариялық бақылау бекетінде салмағы 20 000 кг болатын ірі қара мал етін заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды.
Жүк Қырғыз Республикасының аумағынан Қазақстан Республикасына автокөлікпен тасымалданған. Ветеринариялық-санитариялық инспекторлар құжаттық және физикалық тексеру жүргізу барысында, ветеринариялық ілеспе құжаттардың болуына қарамастан, аталған өнімді әкелуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы 19 қазандағы №18-02-37/8041-И нұсқауына сәйкес аусыл бойынша қолданыстағы шектеулерге байланысты тыйым салынған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы 1-бөлігінің 3-тармағына сәйкес, ОсОО«ТОРО» әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылды. Жүк тиелген көлік кері қайтарылды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жануарлардан алынатын өнімдерді мемлекеттік шекара арқылы тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң сақтауды ескертеді.