Іскерлік этиканың міндеті – жұмысқа барлық уақыты арналатын ұжымда жұмыс атмосферасын құру болып табылады. Сондай-ақ, моральдық-психологиялық климат (бұдан әрі-МПК) қызметкерлердің қанағаттануы әр түрлі факторлардан көрінетін кәсіби ұжымның кешендік эмоционалдық-психологиялық күйі ұжым өмірінде үлкен рөл атқарады.
МПК қызметкерлердің жалпы көңіл-күйін және жеке еңбегіне қанағаттану, басқа қызметкерлермен қарым-қатынасы мен бөлімшелердегі жалпы ұйымдастырылу деңгейін көрсетеді. МПК түрлеріне үйлесімділік, ұжымдағы жанжал деңгейі, бірлестік, сыйысушылық, байланыс түрлері, қанағаттану, өзін-өзі бағалау, хал-жағдайы және көңіл-күйі жатады.
Ұжымда қызметтік, кәсіби дәстүрлер маңызды рөл атқарады, сондай-ақ МПК-ң тиімді белгілері болып табылатындар:
-топ бірлігі;
- қызметкерлердің бір біріне жоғары талап қоя білуі және сенімі;
-жақсы дамыған мейірімді сындарлы сын және өзін-өзі сынға алу;
- ұжым өміріндегі барлық мәселелерді талқылау кезінде өз көзқарасын еркін көрсету;
- жоғары деңгейлі өзара көмек көрсету;
- жоғары деңгейдегі кәсіби дайындық;
- жұмыстың тең бөлінуі;
- қақтығыс жағдайын уақытылы және объективті түрде шешу;
- ішкі өмірдің барлық аспектілері туралы ұжымды ақпараттандыру;
Өз кезегінде, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ұжымның тиімді моральдік ахуалын құру үшін барлық шараларды қолданады. 2019 жылдың аяғында Әдеп жөніндегі қызметкер Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қызметкерлері арасында анонимді анкеталау өткізді, онда респонденттер ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуал ұнайтынын көрсетті. Сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің тікелей басшылары жұмысты тең бөлмейтіндігі, қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуды міндеттеу фактілері көрсетілді.
Аталған ескертулерді болдырмау мақсатында, Комитет басшылығы басқарманың қызметкерлері арасында жұмысты тең бөлу, демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту және артық жұмыс уақыты фактілерін азайту мақсатныда лауазымды тұлғалардың қызметтік міндеттерін қайта қарады.
Сонымен қатар, корпоративті мәдениетті күшейту мақсатында 2020 жылы тимбилдингтер өткізу жоспарлануда.
ҚР АМШ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің
Әдеп жөніндегі қызметкері
Жамкенова Альфия Фазылжановна