Меню

Страницы

Статья

ҚР АШМ ВБжҚК Кадр және ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Батыс Қазақстан облысында қызметтік іссапармен болды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің кадр және ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Әлфия Фазылжанқызы Жамкенова Батыс Қазақстан облысына қызметтік іссапарға келіп, комитеттің Әдеп жөніндегі уәкілінің жұмыс жоспары бойынша, сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі 2021 жылға арналған жоспардағы іс-шараларды іске асыру мақсатында үлкен жұмыс атқарды.
Батыс Қазақстан облысында қызметтік іссапар барысында:
- ҚР АШМ ВЖҚК Батыс Қазақстан облыстық инспекциясы ұжымымен кеңейтілген кеңес өткізілді. ҚР АШМ ВБҚК Орал қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының басшылары мен мамандары "ZOOM"бағдарламасы бойынша кеңеске қатысты.
А. Жамкенова мемлекеттік қызметтер көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қолжетімділік қағидаттары негізінде көрсетілуі тиіс және мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет барысында негізінен белгіленген әдептілік нормаларын қолдануы, сондай-ақ өз әрекеттері үшін жауапты болуы тиіс екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық-бұл заңнаманы айналып өту арқылы өз мүдделері үшін материалдық және заңды артықшылықтар алу, жеке мәселелерді "өз" адамдарының есебінен шешу. Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Біз өз тарапымыздан мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін жұмыс істеуіміз керек.
А.Жамкенова мемлекеттік қызметтегі алдағы өзгерістер, оның ішінде ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап заңды күшіне енетін жаңа Әкімшілік-процессуалдық кодекс, "Е-өтініш"ақпараттық жүйесінің жұмысы туралы айтып берді.
Сондай-ақ, ҚР АШМ ВБҚК Батыс Қазақстан облыстық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілінің 5 ай жұмысы бойынша есебі тыңдалды. Кеңес барысында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныстар алынды.
Осы іс-шара аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А. Жұбанбаймен Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру бойынша кездесу өткізілді, проблемалық мәселелер талқыланды, сондай-ақ жалпы кадр саясатын іске асыру бойынша тәжірибе алмасу жүргізілді

Сонымен қатар, жоспар аясында азаматтарды қабылдау жүргізілді, онда ОТИ 3 бизнес субъектісіне барды: "Кублей" ЖШС директорының орынбасары А. Сейтбаталов, "Оптима Ко" ЖШС өкілі Н.Берюкова, "Алина" базарының ветеринарлық дәрігері А. Бердіғалиев. Жеке қабылдау барысында өз ұсыныстарын айтып, жұмыста орын алған кейбір проблемалық сұрақтарды қойды.

Рухани жаңғыру "бағдарламасы аясында ҚР АШМ ВЖҚК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен Кеңес Одағының Батыры М .Мәметова атындағы мемориалдық мұражайда экскурсия өтті.

Дата публикации
02 июня 2021
Дата обновления
02 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

18 мая 2026
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті темекіге қарсы саясат және мемлекеттік қызметкерлер этикасы мәселелерін талқылады
Ақпарат
30 декабря 2025
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың қорытындыларын шығарды
Мақалалар
26 сентября 2025
Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитет жұмысындағы бағдар ретінде этика

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы