Іскерлік қарым-қатынас әдебі – күнделікті бірге жұмыс істеп қарым-қатынаста болатындар үшін белгілі бір тәртіп жиынтығы.
Қоршаған әлемді атап айтсақ, өз әріптестерінің, басшыларының және бағынышты қызметкерлерді әрбір адам өзінше қабылдайды Дүниені түрлі қабылдау жұмысқа кедергісін келтірмес үшін іскерлік қарым-қатынас мәдениетін сақтау өте маңызды. Бұл бір ұжымның ішінде, сондай-ақ сыртқы байланыстарға да (бөлімдер немесе филиалдардың қызметкерлер арасындағы қызметкерінің және өзге де тұлғалардың ара қатынасы) қатысты.
Іскерлік қарым-қатынас әдебі ең бірінші практикалық мақсатта қажет. Қарым-қатынас әдебін сақтау жалпы ұжым және әр қызметкердің жұмысын жеңілдетеді. Себебі бекітілген бір тәртіпте жұмыс атқару қашан да жеңіл және жылдам. Бұл ретте қызметкерлер бір-бірінен не күтуге болатынын біледі.
Іскерлік қарым-қатынас әдебінің екінші міндеті - ұжымда жұмыс атмосферасын қалыптастыру. Моральдық жайлылық үлкен роль атқарады. Іскерлік этика сақталған жерде қызметкерлер өзін жақсы сезінедін. Сонымен қатар, іскерлік этиканың моральдік жағы жұмыс өнімділігін арттырады. Өзін жайлы сезген қызметкер өз қызметіне адал, беріліп атқаратын болады. Қызметкерді жақсылыққа жетелейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Мемлекеттік қызметкердің Әдеп Кодексі бекітілген. Аталған құжатта мемлекетік қызметкердің моральдык әдеби нормалары көрсетілген. Бекітілген нормаларды бұзған жағдайда мемлекеттік қызметші тәртіптік және әкімшілік жазаға тартылады.
Өз кезегінде, Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитеті, ұжымда қолайлы моральдық жағдайды қалыптастыру үшін барлық шараларды қолданады. Комитеттің лауазымды тұлғаларының орта жасы 36 жасты құрайды. Бұл фактор қызметкерлердің өз-ара қатынасында оң әсерін тигізеді. Комитеттің барлық қызметкерлері ұжымда қолайлы жағдай туғызу үшін ат салысады. Өзара қатынаста Әділ және объективті көзқарасты сақтап бір бірін негізсіз айыптау, дөрекілік фактілеріне жол бермейді.