Меню

Страницы

Статья

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің 2020 жылғы тәртіптікт жаза бойынша талдауы

Жыл басынан ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті бойынша барлығы 293 лауазымдық тұлға тәртіптік жазаға тартылды, соның ішінде  9 орталық аппарат қызметкерлері.

Жүргізілген талдауға сәйкес, негізгі заң бұзушылық  лауазым иелерінің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауда әкімшілік құқық бұзушылық туралы ақпаратты дұрыс енгізбеу, ветеринариялық талаптарды сақтамау сынды өздеріне жүктелген міндеттерді қажетті деңгейде орындамауы.

Сонымен қатар, бірқатар облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлері Шешімдер әзірлеу мен қабылдауда жеке және заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсеткені үшін тәртіптік жазаға тартылды, бұл мемлекетттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік жаза болып табылады. Есепті кезеңде 3 қызметкер мемлекеттік қызметшінің Этикалық кодексі талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.  Жалпы алғанда ескерту түріндегі тәртіпке жазаға тартылғандар саны 143,  89 қызметкерге сөгіс жарияланды, қатаң сөгіс- 35, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту –16, қызметін төмендету-2, атқаратын қызметінен шығару-8.

Тәртіптік жазаларды қолдану практикасын талдай отырып, жыл ішінде Комитеттің басшылық құрамынан 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа қайта тартылғаны анықталды. Бұл ретте облыстық аумактық инспекциялары басшыларына қатысты тәртіптік жазалар Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін қолданылған, олардың жауапкершілігі тиісті өңірлердің Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі облыстық агенттіктеріндегі Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған, Кеңестің шешімі бойынша Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысына «қызметін төмендету», Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысына «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түріндегі жаза қолданылған.

Комитеттің лауазымды тұлғаларына қатысты қабылданатын тәртіптік жазалар жасалған теріс қылықтың ауырлығына сәйкес беріледі, олар жалпы заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін айрықша шара болып табылады.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында облыстық және аудандық аумақтық инспекциялардың лауазымды тұлғаларының қызметіне ведомстволық бақылауды жүзеге асыру үшін жұмыс топтары құрылды.

Өз кезегінде, Комитет мемлекеттік қызметшілер арасында барлық кемшіліктер мен бұзушылықтар бойынша түсіндіру және алдын алу жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.                                                                            

 

 

 ҚР АШМ ВБҚК Әдеп жөніндегі уәкілі

Жамкенова Альфия Фазылжановна

Дата публикации
28 декабря 2020
Дата обновления
28 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

18 мая 2026
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті темекіге қарсы саясат және мемлекеттік қызметкерлер этикасы мәселелерін талқылады
Ақпарат
30 декабря 2025
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың қорытындыларын шығарды
Мақалалар
26 сентября 2025
Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитет жұмысындағы бағдар ретінде этика

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы