Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті салауатты өмір салтын қалыптастыру және жауапты мемлекеттік қызмет қағидаттарын нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» құндылықтарын ілгерілету жөніндегі Жол картасы аясында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік органдардағы темекі шегуге қарсы саясат мәселелері бойынша семинар өткізді. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметкерлерге денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары түсіндірілді. Сонымен қатар, қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға және ұжым денсаулығын сақтауда әр қызметкердің жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға темекі өнімдері мен электронды темекінің адам ағзасына зияны туралы айтылып, әкімшілік ғимараттарда темекі шегуге тыйым салу талаптарын қатаң сақтау қажеттігі еске салынды. Мұндай кездесулер қызметтік тәртіпті нығайтуға және салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттауға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті алдағы уақытта да «Адал азамат» тұжырымдамасы мен қоғамдық денсаулықты сақтау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жұмыстарын жалғастырады.