2025 жылы жүргізілген тексерулер туралы анықтама

2025 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан бес тексеру жүргізілді.

Атап айтқанда, Жоғары аудиторлық палата тексеруді 2025 жылғы 19 ақпан мен 5 мамыр аралығында өткізді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан тексеру 2025 жылғы 30 қыркүйек пен 31 қазан аралығында жүргізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі 2025 жылғы 10–12 қараша аралығында тексеру жүргізді. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы 2025 жылғы 25 қараша мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қамтыды. Қазақстан Республикасының Ішкі Мемлекеттік Аудит Департаменті тексеруді 2025 жылғы 23–31 желтоқсан аралығында өткізді.

Аталған тексерулер мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын іске асыру шеңберінде жүргізілді. Тексеру қорытындылары бойынша Комитет тарапынан анықталған ескертулер мен ұсыныстарды белгіленген тәртіппен орындау және жою жөнінде тиісті шаралар қабылдануда.

Дата публикации
23 декабря 2025