
Нұрсұлтан Өмірбекұлы Сандыбаев 1991 жылдың 30 қаңтарында дүниеге келді.
2008-2013 жылдар аралығында «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университтетінде оқыды.
2013-2015 жылдар аралығында «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достағы университетінде оқыды.
06.09.2013 - 10.02.2014 жылдары аралығында Зерткер, Ұлытау аудандық ветеринарлық зертханасы, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Ұлытау селосы.
10.02.2014 - 22.06.2016 жылдары аралығында Ветеринарлық дәрігер, Жануарлар ауруларының диогностикасы бөлімі Жезқазған қаласы бойынша аудан аралық ветеринарлық зертханасы, Қарағанды облысы Жезқазған қаласы.
23.06.2016 - 08.10.2018 жылдары аралығында Биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы, Қарағанды облысы Қарағанды қаласы.
09.10.2018 - 26.06.2019 жылдары аралығында Аумақтағы тамақ және биологиялық қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, Астана қаласы.
27.06.2019 - 17.02.2020 жылдары аралығында Кадрлық және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, Нұр-Сұлтан қаласы.
18.02.2020 - 16.01.2022 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті кадр және әкімшілік жұмысы басқармасының сарапшысы, Нұр-Сұлтан қаласы
17.01.2022 - 31.01.2023 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті кадр және әкімшілік-бақылау жұмысы басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы
01.02.2023 - осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, Жезқазған қаласы.