
Ержан Мысырович Бекетбаев 1971 жылғы 20 желтоқсанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ақмола ауылшаруашылық институтын 1995 жылы мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген.
25.08.1995 - 20.10.1996 жылы Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Арқалық совхозының «Үшқара» шаруа қожалығында мал дәрігері.
01.03.2000 - 31.07.2001 жылы Қарағанды қаласы "Гранд» ЖШС мал дәрігері.
01.08.2001 - 17.01.2005 жылы «ҚР АШМ Қарағанды қалалық аумақтық басқармасы» ММ-нің бас маманы-мемлекеттік ветеринариялық инспекторы.
17.01.2005 - 05.01.2007 жылы «ҚР АШМ Қарағанды қалалық аумақтық басқармасы» ММ-нің Мемлекеттік ветеринария бөлімінің бастығы.
05.07.2007 - 10.03.2015 жылы «ҚР АШМ ВБҚК Қарағанды қалалық аумақтық инспекциясы» ММ-нің Ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы.
10.03.2015 - 30.06.2020 жылы «Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі» ММ-нің басшысы-Қарағанды қаласының Бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері.
05.10.2020 - 20.06.2021 жылы «АльфаРух» ЖШС сауда павильонының басқарушысы.
02.08.2021 - 25.05.2022 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.
26.05.2022 – бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.