Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
kaldybekov.su@minagri.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Калдыбеков Сундетали Байбекович
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы
Общая информация, образование

Сундетали Байбекович Калдыбеков 1977 жылы Сарыағаш ауданы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген.

Карьера

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының  шекарадағы «Сарыағаш» малдәрігерлік фитосанитариялық пунктінің  жетекші маман - мемлекеттік ветеринариялық инспекторы болып бастады.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Оңтүстік аймақтық балық инспекциялар басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

2007-2008 жылдары «ОИК-Строй техноснаб» ЖШС-ның менеджері болып жұмыс істеді.

2009-2010 жылдары «Шымкент қалалық коммуналдық базарлары» ЖШС-ның бақылаушысы болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы болып жұмыс істеді.

2012-2013 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және тасымалданатын объектілер бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының басшысы болып жұмыс істеді.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Тамақ өнімдері және тасымалданатын объектілер қауіпсіздігі бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2015-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан өңірлік филиалының директоры болып жұмыс істеді.

2023-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2024 жылдың маусым-шілде аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринариялық бақылау және ветеринариялық препараттар айналымы басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2024 жылдың шілде-қараша аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринариялық бақылау және ветеринариялық препараттар айналымы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2024 жылдың 8 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.

 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы