
Айтбай Қалжанұлы Тайжанов 1960 жылы 15 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы Полторадское ауылында дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылық институтын мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген.
09.1982 – 11.1982 жылы Целиноград облысындағы С.М. Киров атындағы совхоздың №1 бөлімнің мал дәрігері.
11.1982 – 05.1984 жылдары Алматы қаласында Кеңес Әскерінің қатарында қызмет етті. Аға лейтенант әскери атағы бар.
08.1984 – 09.1985 жылдары Целиноград қаласындағы Целиноград ауылшаруашылығы институтының Ветеринариялық клиникасының меңгерушісі.
09.1985 – 02.1987 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданының малдәрігерлік станциясының мал дәрігері патологы.
02.1987 – 02.1994 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Авангард» совхозының бас мал дәрігері.
01.1995 – 07.1997 жылдары Шиелі ауданының ауылшаруашылық басқарма бастығының бірінші орынбасары.
07.1997 – 04.1999 жылдары Шиелі малдәрігрлік мекемесінің паразитолог мал дәрігері – бас мал дәрігерінің орынбасары.
05.1999 – 09.2000 жылдары Шиелі аудандық малдәрігерлік мемлекеттік кәсіпорынның бастығы.
10.2000 – 02.2003 жылдары Қазақстан Республикасы Астана қаласы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасының жетекші маманы.
02.2003 – 04.2003 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың Солтүстік-Батыс аймақтық басқармасының Астана қаласы бойынша шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы-мемлекеттік ветеринаринариялық инспекторы.
04.2003 – 10.2005 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың Солтүстік-Батыс аймақтық басқармасының Астана қаласы бойынша шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік ветеринаринариялық инспекторы.
10.2005 – 02.2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың Солтүстік-Батыс аймақтық басқармасының Астана қаласы бойынша бөлім бастығы.
02.2006 – 09.2006 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік – Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау басқармасының Астана қаласы басқарма бастығы.
09.2006 – 06.2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік – Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясының Астана қаласы бойынша бастығы.
06.2007 – 03.2009 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік – Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясының Астана қаласы бойынша басқармасы бастығы.
03.2009 – 08.2010 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік – Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясының Астана қаласындағы темір жол бойынша мемлекеттік ветеринариялық бақылау және жүктердің өту кауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.
09.2010 – 01.2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының тасымалданатын объектілерді мемлекеттік ветеринарялық-санитариялық бақылау бөлімінің бас маманы.
01.2012 – 05.2012 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының тамақ өнімдері және тасымалданатын объектілер бөлімінің бас маманы.
05.2012 – 12.2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының жедел басқару орталығы бөлімінің бастығы.
12.2014 жылдан бастап – қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекцияның басшысы болып жұмыс атқарады.