Меню

“Қостанай облысы әкімдігінің балалардың кұкықтарын қорғау басқармасы” коммунальдық мемлекеттік мекемесі

Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) - қоғамдағы моральдық басымдықтар мен рухани бағыттарды қалыптастыруға және Қостанай облысында балалардың құқықтарын қорғаудың тиімді үйлестіру жүйесін құруға жауапты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

Басқарма Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс істейді.

Басқарманың міндеттері:

1) кәмелетке толмағандарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыру;

2) балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және кемсітушіліктің алдын алу;

4) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзылған жағдайда олардың құқықтарын қалпына келтіру.

Басқарманың өкілеттіктері:

1) Құқықтары:

Өз құзыреті шегінде сұраныстар жіберу және өз функцияларын орындау үшін мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды алу;

Тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру;

2) Міндеттері:

ҚР қолданыстағы заңнамасын сақтау;

Президенттің, Үкіметтің және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын тиісті және уақтылы орындау.

Басқарманың функциялары:

1) Қостанай облысында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) кәмелетке толмағандарға мемлекеттік қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын жүзеге асыру;

3) отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік қызметтерді үйлестіру;

4) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік және әдістемелік қолдау көрсету;

 

5) Балалар еңбегін қанауға қатысты мәселелер бойынша облыстағы аудандық және қалалық білім бөлімдерінің қызметін үйлестіру және бақылау, балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және қажеттіліктерін қанағаттандыру, балалардың қараусыздығы мен баспанасыздығына қарсы күрес, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және оны шешу мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, кәмелетке толмағандардың қамқорлығы мен қорғаншылығына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы қызметті үйлестіру және өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

6) Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты мәселелер бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Балалар құқықтары жөніндегі уәкілмен және олардың аймақтық өкілдерімен, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен, үкіметтік емес ұйымдармен және Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарымен өзара іс-қимыл жасау.

 

Мекен-жайы 110000, Қостанай қ., Гоголь көш., 75
e-mail uzpd@korda.gov.kz
1
Пресс центр
Рабочий выезд Управления по защите прав детей прошёл в районе Беимбета Майлина.Рабочий выезд Управления по защите прав детей прошёл в районе Беимбета Майлина.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары
Облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысыОблыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
«Ана үйі» қоғамдық қорына жұмыс сапары«Ана үйі» қоғамдық қорына жұмыс сапары
«Балаларды қорғау саласындағы жағдайды басқару»«Балаларды қорғау саласындағы жағдайды басқару»
Направления
Балалардың құқықтарын қорғау бөлімі
Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімі
Полезные ссылки
Документы
Ереже
2026-09-02T12:22:00Z
Вакансии
Календарь событий
Услуги
Слайды
Страницы
Басқарма туралы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Реализуемые проекты
Социальные медиа
Меню подвал