Ереже

Қостанай облысы әкімдігінің

2026 жылғы 5 қаңтардағы

№ 2 қаулысымен  

бекітілген

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) қоғамда адамгершілік басымдықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру, Қостанай облысының аумағында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үйлестірудің тиімді жүйесін құру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Басқарманың ведомстволық бағыныстыұйымдарыжоқ.
  3. Басқармаөзқызметін Қазақстан Республикасының Конституциясынажәнезаңдарына, ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентіменҮкіметініңактілеріне,өзге де нормативтікқұқықтықактілерге,сондай-ақ осыЕрежегесәйкес жүзеге асырады.
  4. Басқармамемлекеттікмекеменіңұйымдық-құқықтықнысанындағызаңдытұлғасы болып табылады, ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттікЕлтаңбасыбейнеленгенмөрілержәнеөзатауықазақжәнеорыстілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленгенүлгідегібланкілері, ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынасәйкесқазынашылықоргандарындашоттары болады.
  5. Басқармаазаматтық-құқықтыққатынастарғаөзатынан түседі.
  6. Басқарма,егероғанҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынасәйкесуәкілеттік берілген болса, мемлекетатынаназаматтық-құқықтыққатынастардыңтарапы болуға құқылы.
  7. Басқармаөзқұзыретініңмәселелері бойынша заңнамадабелгіленгентәртіппенБасқармабасшысыныңбұйрықтарыменресімделетіншешімдерқабылдайды.
  8. БасқарманыңқұрылымыменштатсаныныңлимитіҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынасәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75-құрылыс.
  10. ОсыЕрежеБасқарманыңқұрылтайқұжаты болып табылады.
  11. БасқарманыңқызметінқаржыландыруҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынасәйкесжергіліктібюджеттенжүзеге асырылады.
  12. БасқармағакәсіпкерліксубъектілеріменБасқарманыңөкілеттігі болып табылатынміндеттердіорындаутұрғысындашарттыққатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен басқаруға кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) кәмелетке толмаған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциясын іске асыру;

2) бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу;

4) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзушылықтар болған жағдайда олардың құқықтарын қалпына келтіру.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

өз функцияларын жүзеге асыру үшін құзыреті шегінде сұрау салулар жіберу және мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды алу;

тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

2) міндеттері:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.

  1. Функциялары:

1) Қостанай облысының аумағында бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) кәмелетке толмаған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциясын жүзеге асыру;

3) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

5) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайдағы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасауды қамтамасыз ету;

6) отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік қызметтерді үйлестіру;

7) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

8) балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;

9) облыстың аудандары мен қалаларының білім бөлімдерінің балалар еңбегін пайдалану, балалар саудасы фактілерін жою, адам саудасынан зардап шеккен балалардың құқықтарын қорғауды және қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру және мониторингілеу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуына қарсы іс-қимыл, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және профилактикасы мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

10) кәмелетке толмағандарға қорғаншылық, қамқоршылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруды жүзеге асыру;

11) облыстың аудандары мен қалаларының білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасы және қонақ отбасы мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;

12) Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, сондай-ақ олардың өңірдегі өкілдерімен, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен, үкіметтік емес ұйымдармен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарымен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

13) қолайсыз отбасылардан шыққан өмірлік қиын жағдайдағы кәмелетке толмағандарды бақылау, профилактикалық жұмысты ұйымдастыру;

14) өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттарға жататын балалардың жағдайына бақылауды және мониторингті жүзеге асыру; мұндай балалардың мұқтаждығын анықтау, мемлекеттік және мемлекеттік емес қолдау шараларын үйлестіру, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен, құқық қорғау органдарымен және басқа да субъектілермен балалардың құқықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау;

15) балалар арасында және оларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің, буллингтің профилактикасы жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;

16) қатыгездікке (буллингке), кибербуллингке және балалар құқықтарының басқа да бұзылуына ұшыраған немесе куә болған балаларға көмек көрсету;

17) жыныстық тәрбие беру және кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғушылықтардың профилактикасы жөніндегі жұмысты үйлестіру;

18) жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру және үйлестіру;

19) білім беру ұйымдарында психологтар мен әлеуметтік педагогтердің қызметін үйлестіру және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

20) психологиялық дағдарыс жағдайында қалған балаларға, олардың отбасыларына шұғыл психологиялық көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру;

21) психологтар мен әлеуметтік педагогтердің қызметіне жүйелі талдау жүргізу, оларға әдістемелік көмек көрсетуді үйлестіру;

22) су айдындарында суға бату, биіктіктен құлау (оның ішінде терезелерден), тамақтан улану, жануарлардың тістеуі, аттракциондық техниканың істен шығуы, электр тоғының соғуы, өрт, жол-көлік оқиғалары және басқа да себептер бойынша балалардың жарақаттануы мен балалармен жазатайым оқиғалардың қауіпсіздігі мен алдын алу жөніндегі жұмысты үйлестіру;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органда айқындалған тәртіппен ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдардың басшыларын лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату;

24) облыстың жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс енгізу;

25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

 

3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)

 

  1. Басқармаға жүктелген міндеттердіңорындалуынажәнеоныңөзөкілеттіктерінжүзеге асыруына дербесжауаптыболатынбіріншібасшы Басқармаға басшылықтыжүзеге асырады.
  2. БасқарманыңбіріншібасшысыҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынасәйкес қызметке тағайындаладыжәне қызметтен босатылады.
  3. Басқарманыңбіріншібасшысыныңөкілеттіктері:

1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;

2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма мүдделерін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) Басқармаға жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерін көтермелейді;

7) Басқарманың құрылымын бекітеді;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

9) бұйрықтарға қол қояды және Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;

10) сенімхаттар береді;

11)өзқұзыретінежатқызылғанбасқа да мәселелер бойынша шешімдерқабылдайды.

Басқарманыңбіріншібасшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерінорындаудықолданыстағызаңнамағасәйкесоныалмастыратынтұлға жүзеге асырады.

  1. Біріншібасшыөзорынбасарларыныңөкілеттіктерінқолданыстағызаңнамағасәйкес айқындайды.

 

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Басқарманыңзаңнамадакөзделгенжағдайлардажеделбасқаруқұқығындаоқшауланғанмүлкі болуы мүмкін.

Басқарманыңмүлкіоған меншік иесі берген мүлік,сондай-ақ өзқызметінәтижесіндесатып алынған мүлік(ақшалайкірістерді қоса алғанда) жәнеҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындатыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекітілген мүліккоммуналдықменшіккежатады.
  2. Егерзаңнамадаөзгешебелгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүліктіжәнеоғанқаржыландыружоспары бойынша берілгенқаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербесиеліктен шығаруға немесе оған өзгетәсілменбилік етуге құқылыемес.

 

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.

 

Дата публикации
02 сентября 2026