2026 жылғы 16 қазанда М. Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында 9–10-сынып оқушылары арасында жас тарихшыларға арналған «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі өтті.
Конкурстың мақсаты – оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, тарихи танымын кеңейту және зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
Байқау қорытындысы бойынша оқушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.
«Өлкемнің цифрлық шежіресі» номинациясы бойынша:
I орын – Кох Ксения, М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Сулейманов Г.
II орын – Кельдибекова Дайана, М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Сулейманов Г.
III орын – Осипов Иван, М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Сулейманов Г.
«Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет» номинациясы бойынша:
I орын – Нұрәлі Ибат, Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Алибаева С.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларға алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт, ал жетекшілеріне кәсіби табыс пен еңбектерінің жемісін көруді тілейміз!
Ауданымызда оқушылар арасында психологиялық мәдениетті дамыту мақсатында «Жас психолог» аудандық байқауы өтті.
Байқауға ауданымыздың белсенді, мейірімді оқушылары қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – Мейрамбекова Даяна, 9-сынып оқушысы, Ковалев НЖББМ
🥈 II орын – Толстобров Роман, 8-сынып оқушысы, М. Мәметова ат. ЖОББМ
🥉 III орын – Хапар Дильназ, Шевченко Аделина
Новопокров НЖББМ
Номинациялар бойынша:
- «Психолог новатор» - Бейсембин Амина , Таволжанская СОШ
- «Психолог новатор» - Данилова Ульяна , СОШ им Ауэзова
- «Психолог исследователь» - Щербань Виктория, Козыкеткенская СОШ
Барлық қатысушыларға, оқушыларды дайындаған педагог-психологтарға және әділқазылар алқасына алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 👏
Успен ауданының педагогтері «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының аудандық кезеңіне қатысып, кәсіби шеберліктерін, шығармашылық ізденістерін және авторлық идеяларын танытты.
🎉 Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
🥇 І орын:
▪️ Джапарова Қымбат Еркеновна — «Қаратай ЖОББМ» КММ;
▪️ Лейнвебер М. М. — Равнополь негізгі жалпы білім беру мектебі.
🥈 ІІ орын:
▪️ Клышбаева Нургуль Бакытжановна — «Константинов ЖОББМ» КММ;
▪️ Гречко Наталья Николаевна — Тимирязев негізгі жалпы білім беру мектебі;
▪️ Рамазанова Меруерт Кунжарыковна — «Балапан» бөбекжай-бақшасы.
🥉 ІІІ орын:
▪️ Клишина Елена Александровна — Тимирязев негізгі жалпы білім беру мектебі;
▪️ Ержанова Г. Б. — Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі;
▪️ Жандосова Г. З. — М. Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі;
▪️ Ибрагимова А. А. — Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі.
🏆 Бас жүлде:
▪️ Құдайбергенова Зульфия Дамировна — Қозыкеткен жалпы орта білім беру мектебі.
Барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт, тың идеялар және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз! Білім беру саласын дамытуға қосып жүрген үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! 🌷
6 қазан күні Успен ауылының аудандық Мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған «Ақыл! Ізгілік! Мәңгілік!» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, адамзаттың асыл құндылықтарын дәріптейтін, парасат пен ізгіліктің шамшырағын жағатын ардақты маман. Ұстаз еңбегін ұлықтаған мерекелік кеште білім саласының үздік өкілдеріне ерекше құрмет көрсетілді.
Салтанатты шара барысында аудан әкімі Нұрболат Абылайханұлы Мақашев ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар педагогке еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін марапаттар табыстады.
Аудандық мәслихат төрағасы Жасталап Райымбекұлы ұстаздарға ізгі тілегін білдіріп, мәслихат атынан бірқатар педагогке Алғыс хаттар табыс етті.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Есен Өмірбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, білім беру саласының үздіктерін марапаттады.
🏆 Мерекелік шарада «Жыл мұғалімі – 2026» аудандық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары, үздік педагогтер, ардагер ұстаздар мен жас мамандарға құрмет көрсетілді.
🎶 Мерекелік кеш Павлодар қаласының Иса Байзақов атындағы филармония өнерпаздарының «Ақыл! Ізгілік! Мәңгілік!» атты концерттік бағдарламасымен жалғасты.
2026 жылы 29 қыркүйекте аудандық 2-8 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде өткізілді.
Конкурстың қортындысы бойынша Бастауыш буындар арасында (2-4 сынып ) :
1 орын
2-орын
3 орын
Орта буындар арасында (5-8 сынып ):
1 орын
2 орын
3-орын
Қалған қатысушыларға құрмет грамотасы мен номинациялар берілді.
Ұстаз – ізденісімен дараланып, еңбегімен биіктейтін тұлға.
Бүгін біздің ауданда бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Жыл мұғалімі – 2026» аудандық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқау барысында ұстаздар өздерінің педагогикалық ізденістерін, шығармашылық қабілеттерін және заманауи көзқарастарын ортаға салып, кәсіби шеберліктерін танытты. Әр қатысушы өзіне тән ерекшелігімен дараланып, ұстаздық ұстанымын жарқын көрсете білді. ✨
Байқаудың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🏆 Бас жүлде – Татенова Сайра Байниязовна, Новопокров НЖББМ
🥇 І орын – Шакирова Жансая Айтбаевна, Абай атындағы ЖОББМ
🥈 ІІ орын – Солтан Құралай Рымбайқызы, Қаратай ЖОББМ
🥉 ІІІ орын – Скакова Гульмира Сериковна, Ш. Айманов атындағы ЖОББМ
Барлық қатысушылар байқау барысында өздерінің кәсіби және шығармашылық қырларын көрсетіп, арнайы номинациялармен марапатталды. 🌷
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Барша ұстаздарға шығармашылық шабыт, жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз! ✨
Ұстаз жетістігі – шәкірт жетістігінің бастауы!
М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Бегзак Ислам Павлодар облысының құрама командасы сапында «Жас Ұлан» жарысына қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облысының құрама командасы жалпы командалық есепте ІІ орынға ие болды.
Бұл нәтиже жас спортшының мақсатқа ұмтылысы, табандылығы мен жүйелі дайындығының, сондай-ақ командалық жұмыстың нәтижесі болды. Осындай деңгейдегі жарысқа қатысу Бегзак Исламға құнды спорттық тәжірибе жинақтап, облыстың құрама командасы сапында өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік берді.
Бегзак Исламды, оның ұстаздары мен жаттықтырушыларын қол жеткізген нәтижелерімен құттықтаймыз!
Жас спортшыға алдағы жарыстарда жаңа жетістіктерге жетіп, өз күшіне сенімді болуын және толағай табыстарға жетуін тілейміз!
Қазақ халқының өр рухты ақыны, жалынды жыршысы Махамбет Өтемісұлының шығармашылық мұрасын насихаттау және жас ұрпақтың ақындық қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған облыстық «Махамбет оқулары» байқауына Успен ауданының оқушылары аудан намысын қорғап, белсенді қатысты.
✨ Байқау қорытындысы бойынша ауданымыздың оқушылары жүлделі орындарға ие болды:
ІІІорын — Айбекқызы Мерей,
Қозыкеткен жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы.
ІІ орын — Гузий Кристина,
А. Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы.
🎉 Жас дарындарымызды жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Өнер мен білім жолындағы ізденістеріңіз артып, шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ауданымыздың абыройын асқақтата беріңіздер! 🌟
👏 Оқушыларымызды дайындаған ұстаздарға еңбектері мен кәсіби қолдаулары үшін алғыс білдіреміз!
2026 жылғы 22 қыркүйекте Успен ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес «Жас экорепортер» аудандық байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны сақтауға жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ табиғатты қорғауға бағытталған білім алушылардың шығармашылық бастамаларын қолдау.
Байқау қорытындысы бойынша ауданның білім беру ұйымдарының оқушылары түрлі тақырыптық бағыттар бойынша жүлделі орындарға ие болды.
I орын — Пудич Екатерина және Функ Илья, А. Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары.
Жетекшісі — Қайыртас А.А.
II орын — Асембек Назерке, Константинов жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
Жетекшісі — Мадениетова А.А.
II орын — Әбдіқадір Жанбота, Белоусов жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
Жетекшісі — Табулдыкова Д.А.
III орын — Жураковская Софья, Қозыкеткен жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
Жетекшісі — Кудайбергенова З.Д.
III орын — Жүрсін Ербол және Еркінбай Әдина, Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары.
Жетекшісі — Кумпекеева Б.
II орын — Ибраева Аружан және Абдуваситова Мадина, Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары.
Жетекшісі — Кумпекеева Б.
II орын — Тойкен Тамила, Қозыкеткен жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
Жетекшісі — Кудайбергенова З.Д.
Байқау оқушылардың экологиялық мәселелер мен табиғи ресурстарды сақтау мәселелеріне арналған зерттеу және шығармашылық жұмыстарын таныстыруға мүмкіндік беретін алаңға айналды.
Аудандық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың жетекшілерін лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Экологиялық бастамаларды жүзеге асыруда алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!
Қоршаған ортаны сақтау – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастыру – жауапты әрі белсенді ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі.
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның орта білім беру ұйымдарында оқу процесін жетілдіруге, тәрбие жұмысын күшейтуге, цифрлық құзыреттіліктерді дамытуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған бірқатар өзгерістер енгізіледі.
Маңызды өзгерістердің бірі 2–4 сынып оқушыларына қатысты болады. Жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныптарда бағалау тәртібі жаңартылады.
Критериалды бағалау жүйесі сақталады, алайда қалыптастырушы бағалаудың рөлі күшейтіледі. Оқу бөлімдерін меңгеру нәтижелерін анықтау үшін аралық бағалау енгізіледі. Бұл ретте бұрынғы форматтағы тоқсандық жиынтық жұмыс жеке өткізілмейді.
Қалыптастырушы бағалау бұрынғыдай 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі, бұл ретте балл қою тәсілі нақтыланады. Бірінші сыныпта бұрынғыдай бағалар қойылмайды.
Осылайша, негізгі назар тұрақты кері байланыс беруге, оқушылардың оқу жетістіктеріндегі ілгерілеуін бақылауға және оқу барысында туындайтын қиындықтарды дер кезінде анықтауға аударылады.
2026–2027 оқу жылынан бастап мектеп бағдарламаларына жаңа міндетті курстар енгізіледі.
5–7 сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері», 8–11 сыныптар үшін «Заң және тәртіп», ал 5–11 сыныптар үшін «Жеке қауіпсіздік» курстары қарастырылған.
Жаңа бағыттар оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жауапты мінез-құлықты дамытуға және түрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Жаңа оқу жылында жасанды интеллект технологияларын білім беру процесіне жүйелі түрде енгізу жалғасады.
«Жасанды интеллект» жеке пән ретінде енгізілмейді. Оның негіздері қолданыстағы оқу пәндеріне кіріктіріледі.
1–4 сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәні «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» деп аталады. Ал 5–11 сыныптарда «Информатика» пәні «Информатика және жасанды интеллект» болып өзгертіледі.
Жаңартылған оқу бағдарламаларына жасанды интеллектке қатысты жаңа бөлімдер мен 43 оқу мақсаты енгізілді. Оқушылар заманауи технологиялардың мүмкіндіктерімен қатар цифрлық қауіпсіздік, дербес деректерді қорғау, сыни ойлау және жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану мәселелерімен танысады.
Бұл ретте жасанды интеллект тек қосымша құрал ретінде қарастырылады. Ол мұғалімді алмастырмайды, керісінше педагогке оқу процесін тиімді әрі оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімделген түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бұл бағыт ауыл мектептері үшін де ерекше маңызға ие. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 шағын жинақты мектепте жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Алдағы уақытта жобаны кезең-кезеңімен кеңейту жоспарланып отыр.
Білім беру ұйымдарында оқу сабақтары кезінде смартфондарды пайдалануға қойылған шектеулер сақталады. Сабақ барысында телефонды оқу процесінде және педагогтің күнтізбелік-тақырыптық жоспарында қарастырылған жағдайларда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Сонымен қатар барлық мектептерде телефондарды сақтауға арналған арнайы шкафтар немесе сейфтер орнату міндетті талап ретінде енгізілмейді.
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда педагогтерді аттестаттаудың жаңа моделін пилоттық режимде сынақтан өткізу басталады. Өзгерістердің негізгі мақсаты — педагогтің кәсіби қызметін бағалауды барынша объективті әрі ашық ету және мұғалімдерге түсетін артық жүктемені азайту.
Жаңа модельде тестілеу нәтижелеріне ғана емес, педагогтің нақты кәсіби қызметінің нәтижелеріне басымдық беріледі. Атап айтқанда, педагог пен оның білім алушыларының жетістіктері, оқу және тәрбие жұмысының сапасы, кәсіби жобаларға қатысуы және педагогикалық тәжірибені таратуы ескеріледі.
2026–2027 оқу жылындағы өзгерістер білім беру мазмұнын жаңартумен ғана шектелмейді. Балалардың қауіпсіздігіне, тәрбие жұмысына, цифрлық сауаттылыққа, сыни ойлауды дамытуға және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Успен ауданының мектептері үшін де жаңа оқу жылы жаңартылған тәсілдер мен жаңа білім беру құралдарын кезең-кезеңімен енгізу кезеңі болмақ.
Негізгі міндет өзгеріссіз қалады — әр балаға сапалы, қауіпсіз және заманауи білім беруді қамтамасыз ету, оның жан-жақты дамуына және болашаққа табысты дайындалуына қажетті жағдай жасау.