«Бір тұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру бойынша облыстық семинар

«Бір тұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру бойынша облыстық семинар

2024 жылғы 17 қыркүйекте құрамында тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскер, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ аудан мектептерінің тәлімгері және әлеуметтік педагогы бар делегация Аққұлы ауданының білім бөлімі ұйымдастырған «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыстық семинарға қатысты. Аққұлы ауданының мектептеріндегі әріптестері «Даналық мектебі» ата-аналар клубының жұмыстарын, жұмыс кейстерін, сондай-ақ апта сайынғы, күнделікті іс-шаралар, республикалық және облыстық жобалар көрмесін жылы шырайлы, достық атмосферада таныстырды. #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_pvl #біртұтас_тәрбие_usp #біртұтас_тәрбие_aqqu