Меню

Страницы

Статья

Балалардың қауіпсіздігі – ортақ міндет

Балалардың қауіпсіздігі – мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының және ата-аналардың басты назарындағы маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі таңда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері кеңінен қолданылуда.

Осындай тиімді құралдардың бірі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әзірлеген «102» мобильді қосымшасы. Бұл сервис азаматтарға полициямен жедел байланысып, шұғыл әрекет етуді қажет ететін жағдайлар туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

Қосымша кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты әртүрлі жағдайларда пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, бала адасып кеткен жағдайда, буллингтің куәгері немесе құрбаны болғанда, қауіп-қатерге тап болғанда, көшеде қауіпті жағдайға душар болғанда немесе шұғыл көмек қажет болған кезде қолдануға болады. Қосымша арқылы мәтіндік хабарлама, фото және бейнематериалдар жіберуге, сондай-ақ аудио және бейнеқоңырау шалуға мүмкіндік бар.

Сервистің маңызды артықшылықтарының бірі – пайдаланушының орналасқан жерін автоматты түрде анықтау. Бұл полиция қызметкерлеріне оқиға орнын жедел анықтап, қажет болған жағдайда көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Мамандар ата-аналарға балаларын қосымшаның мүмкіндіктерімен таныстырып, оны қандай жағдайларда қолдануға болатынын түсіндіруге кеңес береді. Сонымен қатар балаға қауіпсіздік ережелерін еске салу маңызды: бейтаныс адамдармен байланысқа түспеу, буллинг жағдайлары туралы ересектерге хабарлау, қауіпті орындардан аулақ болу және ата-анасына өзінің қай жерде жүргені туралы үнемі хабарлап отыру.

Заманауи цифрлық сервистерді пайдалану, ересектердің қамқорлығы мен уақытылы көмекке жүгіну әрбір бала үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға және көптеген қауіптердің алдын алуға көмектеседі.

📱 «102» мобильді қосымшасын Play Market және App Store платформаларынан жүктеп алуға болады.

Дата публикации
25 июня 2026
Дата обновления
25 июня 2026
Тип

Сейчас читают

25 июня 2026
Балалардың қауіпсіздігі – ортақ міндет
29 января 2026
2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы
12 декабря 2025
Буллингті уақытында анықтап, дер кезінде әрекет ету — оның алдын алудың ең тиімді жолы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы