Мақсаты: Педагогикалық ұжымдардың кәсіби құзырлығын жоғарлату, мекеме басшыларының білім теориясын дамыта отырып тәжірибемен ұштастыру.
Міндеттері:
- Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарттарын меңгеру және енгізу үшін білім беру ұйымдарына қолдау көрсету;
- Жаңа көзқарастағы мұғалімнің диагностикалық моделін жүзеге асыру негізінде педагогикалық кадрлардың үздіксіз кәсіптік дайындықтарын ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін жағдайлар құру;
- Оқу-тәрбиелік үрдісін басқару және ұйымдастыру арқылы білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық, оқыту- әдістемелік, білім беру талаптарын қамтамасыз ету;
- Аудан мектеп мұғалімдерімен әдістемелік жұмыстардың түрлері мен әдістерін жетілдіру.