Білім берудің жаңа сапасы - оның ел дамуының қазіргі заманғы өмірлік қажеттіліктеріне сәйкестігі. Бүгінде мектеп мультимедиялық-сандық мәдениетте тәрбиеленіп жатқан жаңа өркениеттің қалыптасуы, елеулі өзгерістер болып жатқан заманауи ақпараттық қоғамның аспектілерін көрсетеді. Жалпы білім беру ұйымдарын жаңғырту қазіргі кезеңдегі басты міндеттердің бірін шешу қажеттілігімен байланысты: дербес деңгейде - білім беру процесіне қатысушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру: Интернетте жұмыс істеу дағдыларын игеру, жаңа электрондық білім беру ресурстарын, ақпараттық құралдарды, технологияларды пайдалану; корпоративтік деңгейде - желіде бірлесіп жұмыс істеу дағдылары, бірлескен жобалау қызметі. Жергілікті, жаһандық желілер білімді іздеу және өндіру әдіснамасын өзгертті. Бiлiм берудi ақпараттандырудың өзегi, базистiк компонентi жаңа ақпараттық сапасы бар жаңа бiлiм беру өнiмдерiн игеру болып табылады.
![]() |
|
2024 жыл |
Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығы.