«Успен ауданының білім бөлімі» ММ қызметін мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру секторының бас маманы Әлтаева Толқын Сағидоллақызы жүзеге асырады. Жұмыстың негізгі бағыттары:
1) Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу, қозғалысы мәселелері бойынша аудандық білім бөлімінің қорғаншы және қамқоршы органының функцияларын жүзеге асыру.
2) Кемтар балалармен жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру.
3) Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысады, соттарда білім бөлімінің мүддесін білдіреді, қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша әділет, прокуратура, ІІО органдарымен, жергілікті полиция қызметімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
4) Қорғаншылық және қамқоршылық саласында мемлекеттік қызметтер көрсету.
5) Қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
6) Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау.