Ұлттық тәрбие негізі – балабақшадан бастау алады. Сондықтан балабақша мен ата-аналар жұмысының сабақтастығы аса маңызды. Осы орайда 2 мамыр күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Үржар ауданы білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес «Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Балбөбек» балабақшасы» КМҚК және «Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Балдырған» балабақшасы» КМҚК «Әкелер, Аналар мектебі» бойынша өз жұмыстарын облыстық вебинарда көрсетті.
Вебинар барысында балабақша әдіскері Джелбагаева Баршагуль Ахметкановна жүргізілген жұмыстардың түрлерімен таныстырды. «Балбөбек» балабақшасы Аналар мектебінің «Сиқырлы жүн», «Аналар жолымен...», «Түрлі-түсті қағаздар», «Пластик әлемі», «Құтты қонаққа - тәтті тамақ», «Ертегі әлемі» тақырыбындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, атқарылып жатқан жұмыс барысының бейнероликтерін ұсынды. Ал, «Балдырған» балабақшасы «Әкелер» мектебінің «Табиғи ойыншықтар әлемі», «Томар ағаштар» тақырыбындағы табиғи материалмен жұмыстарды қалай ұтымды жүргізу керектігімен бөлісті. Сонымен қатар «Балдырған» балабақшасының «Құлагер» әкелер клубының тақымы мықты ер азаматтарды балабақша табалдырығынан тәрбиелеу бойынша атпен жұмыстары ұсынылды. Нәтиже ретінде атқарылған жұмыстардың мониторингісі шығарылып, ата-аналармен бірлескен жұмыстардың құндылығы айшықталды Ауданымыздың балабақшалары облыстық вебинарда үлгі болатындай іс-тәжірибе алмасты. Вебинарға қатысушылар кері байланыс жасап жұмыстарды өте жоғары бағалады. Әкенің тәрбиесі мен әженің тәлімі, ананың өнегесі – сан ғасырлық тәрбиенің негізгі көзі, қайнар бұлағы. Ұлттық құндылықты, ұлттық тәрбие, ұлттық сананы қалыптастыру, оны балаларымыздың бойына сіңіру, меңгерту – еліміздің жарқын болашағының көрінісі, берекелі бүгініміздің нышаны, кемелденген келешектің болмысы. Ендеше, ұлттық құндылығымыз бен салт – сананы бірлесе отырып бірге қалыптастырайық! Егемендігіміз бен елдігіміздің тұғырын көтеретін ұлттық рухы биік, адами қасиеттері мен парасатты білімді азаматтарды тәрбиелеуге бірге атсалысайық!
Семей қаласында облыстық"Талантты ұстаз -ел өрісі " атты фестиваль -байқау өтті.Мақсаты -ұлттық татулық пен оқушыларға ұлттық тәрбие берудің жаңашылдық үлгісін тәжірибеге енгізу.Облыстық білім беру басқармасы мен облыстық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өтілген шараға қатысқан жас ұстаздар:Ақкенже Аханқызы,Лаура Ерғазықызы,Мейрамгүл Болатқызы мен ардагер ұстаз Зәуреш Жұмағалиқызы аудан атынан барып ,үздік инновациялық жобаларды ұсынып ,тәжірибеге енгізудің тиімді жолдарын ұсынды.Байқау қорытындысы бойынша қатысқан аудандар арасынан "Үздік" деп танылып ,Бас жүлде алды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялау туралы хабарлама
Абай облысы білім басқармасының «Үржар ауданы білім бөлімі» ММ (Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Жамбыл, көшесі 19 үй) 35 орындық мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурсқа өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.
Өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер немесе оның сенімді өкілдері (тиісті түрде рәсімделген сенімхат болған жағдайда) «Абай облысы білім басқармасы «Үржар ауданы білім бөлімі» ММ, Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Жамбыл, көшесі 19 үй, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскерінің кабинетіне 2024 жылдың 17 сәуір- 08 мамыр (қоса алғанда) аралығында сағ 9-00 ден 18-00 дейін әкелуге немесе пошта байланысы арқылы жіберуге тиіс.
Өтінімдерді дайындауға қойылатын талаптар мен әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысу үшін конкурстық құжаттаманы ұсыну Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі:
1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;
2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;
3) төтенше жағдайлар туындаған кезде хабарлау жүйесі бар (дабыл түймешесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесінің болуы);
4) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды (бейнебақылау жүйесінің болуы);
5) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;
6) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырған;
7) санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасаған;
8) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру сызбасы;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;
2) медициналық көмек көрсетуге (медициналық қызмет көрсету) шарт болмаған кезде медициналық қызметке лицензиялар;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктер, жылжымайтын мүлікке (жалға алынған) құқықты белгілеуші және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;
4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі-санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды);
5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын Абай облысы білім басқармасының "Үржар ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (Үржар ауданы, Үржар ауылы, Жамбыл көшесі, 19) интернет-ресурсында орналастыру туралы шешім шығарылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (72230) 3-37-92 телефоны бойынша алуға болады.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтар айында құрылды. Екі жылдың ішінде еліміздің барлық өңірлерінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру және спорт салаларында 91 млрд. теңге көлемінде 80-нен астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды іске асырды. Білім беру саласында «Ауыл өңірлеріндегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» сияқты жобалар бар. Бұл жобалардың ішінде «Жаздық жолдама» жобасы да ерекше орын алып отыр. Былтыр «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен 19754 оқушы толыққанды жаздық демалысқа қол жеткізіп, жаңа мүмкіндіктерге ие болды.
Қор Оқу ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен биыл маусым айынан бастап 5-8 сыныптың 20 мың оқушысын жаздық демалыс лагерьлерге жіберуді жоспарлап қойды. Үржар ауданына 150 жолдама тиесілі болды.15 наурыз күні Жансүгіров атындағы орта мектебінде Үржар ауданы әкімінің орынбасары Тұрлыбеков Б. К. Жансүгіров ОМ, Абылайхан ОМ, Абай ОМ, Б.Момышұлы орта мектептеріне сертификаттарын табыстады. @qazaqstanhalqyna
@oqu_agartu_ministrligi @abai_bilim_basqarmasy
Шебер сынып
- Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мерейлі ұстаз» жобасы аясында «Жазбаша түрде көбейту және бөлу алгоритмін қолдану» тақырыбында 2024 жылдың 12 наурызында шебер сынып болып өтті.
- Шебер сыныпта «Қарақол орта мектеп-бақшасы» КММ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Даукенова Раушангуль Токеновна өз тәжірибесімен бөлісті. Сабақ барысында жазбаша түрде көбейту мен бөлу амалдарына, тікбұрышты үшбұрыштардың ауданын есептеу тәсіліне және шамаларға байланысты тапсырмалар орындалды.
- Іс-шараға: Абай облысының білім беру мекемелеріндегі бастауыш сынып пәнінің мұғалімдері қатысты.
- Шебер сынып өз мақсатына жетті. Қатысушылар тәжірибе алмасып, алғыстарын жеткізді.
Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Абылай хан атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ- нің 6 “А” және 7 “А” жас сарбаз сыныптары “Отаным саған мың алғыс!” тақырыбында 1 Наурыз - алғыс айту күніне орай құттықтау бейнеролигін ұсынды.
Мақсаты: Оқушылардың "сыйластық" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту ; ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;- үлкен-кішіге,ата -анаға деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілікке,кішіпейілділікке,ізеттілікке тәрбиелеу.
Әскери жетекшілер: Чокаев М.А.
Абенов Б.А.
@bilim_bolimi_urjar
@abai_bilim_basqarmasy
@ogu_agartu_ministriligi #Абайоблысыбілімбасқармасы #Біртұтастәрбие #Мерейліұстаз# #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
Абай облысы, Үржар ауданы Білім бөліміне қарасты мектеп кітапханашылар арасында 25 – қаңтар күні «Үздік иннофациялық кітапхана» атты байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты:Кітапханалық – ақпараттық қызмет көрсету сапасын арттыруға, кітапханалардың озық тәжірбиесін зерделеуге, жинақтауға және тараттуға бағытталған кітапханалардың қызметін жетілдіру және ынталандыру, жалпы білім беру мекемелері кітапханаларының тиімді және инновациялық жұмыс тәжірбиесін танымал ету жәнетарату, кітапхана мамандығының беделін арттыру.
Бұл сайыс аудандық мектеп кітапханашыларының шығармашылық жетістіктерін айқындау, еңбектің жаңа формалары мен әдістерін енгізу. Байқаудың өткізілу өзектілігі « Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыруда мектеп кітапханасы қызметінің мазмұныны жетілдіру.
Байқауға 15 – мектеп кітапханашылары қатысып өзіндік тәжірбиелерімен бөлісе отырып жобаларының тақырыбы мен мақсатын аша білді.
Кітапханалыр ішінен жоғары деңгейде көрсете білген жүлдегер иегерлері «Жансүгіров атындағы орта мектеп»КММ кітапханашылары Оразалиева Г.Ж., Қазизмұратова Е.Е.
1- Орын: «Абай атындағы орта мектеп – бақшасы»КММ кітапханашылары: Юсупова Г.Т., Джакимбаева Р.С.
1- Орын: «Мақаншы орта мектеп – бақшасы»КММ кітапханашысы Көбенова Н.Ж.
2- Орын: «Абылайхан атындағы орта мектеп»КММ кітапханашылары Ташаева Ж.К., Турарова М.Қ.
2 – орын: «Б.Момышұлы атындағы орта мектеп»КММ кітапханашысы Солтабаева Ж.Т.
3 – орын «Сейфуллин атындағы орта мектеп – бақшасы»КММ кітапханашылары Шаяхметова Ж. А., Қармысова Б.К.
3 – орын «Науалы атындағы орта мектеп»КММ кітапханашысы Сапарова М.М. жүлделі орындарымен мадақталды.
Барлық кітапханашылар белсенділік мадақтамасымен марапатталды.
Байқау өте жоғаары деңгейде өткзілді
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына конкурс жарияланады!
Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымдық қызметіне КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ :
1.Абай облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы, Найманбай көшесі №155 мекен жайында орналасқан Абай облысы білім басқармасы Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы » КММ-ң ағылшын тілі пәнінің мұғалімінің
Лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
ата-аналарға кеңес береді;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика мен психология;
пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Лауазымдық жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 90697–нан 104634 теңгеге дейін
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі, орны: Хабарландыру жарияланған күннен бастап құжаттар 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға өткізілуі тиіс: Абай облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылы Найманбай көшесі 155 анықтама байланыс телефондары: 8 72239 (4-04-85) seifullin28@mail.ru
Конкурсқа қатысу үшін кандидат ағылшын тілі пәні мұғалімі қызметті берушінің кеңсесіне, не Мемлекеттік корпорацияға, не порталға мынадай құжаттарды береді:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі және үйден оқитын балаларға сабақ беруге арналған кәсіби даярлық тан өткендігі туралы куәлік.
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекітутуралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпараттық қосымша ұсынады. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.