Аудан мектептерінде тәрбие жұмысының жадынамасы
- Білім беру ұйымдарында тәрбие үдерісін құқықтық әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі (нормативтік-құқықтық құжаттардың жинақталуы);
- Тәрбие жұмысының мазмұны, түрлері мен әдістері, педагогикалық кеңесте, профилактикалық кеңесте, сынып жетекшілер кеңесінде, ата-аналар комитеті отырысында тәрбие жұмысының мәселелерін қарау, тәрбие жұмысының нәтижесін қарастыру, тәрбие жұмысының жоспары (бағыт бойынша, әр жылдың есебі, сараптамасы);
- Сынып жетекшілер бірлестігі жұмысының бар болуы, тиімділігі, сынып жетекшілері туралы мәлімет (мониторинг), сынып жетекшілер отырысының хаттамалары;
- Үйірме, секциялар жұмысы (нәтижесі, мониторинг): оқушылардың оқу және оқудан тыс қызметінде өз мүмкіндіктерін іске асыру жағдайы (факультатив жұмысы, үйірме жұмысы, спорттық секциялар, көркем өнер үйірмесі, пікірталас клубтары, студиялар, басқа да салалар);
- Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру (оқушылардың денсаулығы, және олардың әртүрлі спорттық-сауықтыру қызмет түрлерімен қамтылуы), ЖИТС пен нашақорлықтың алдын алу іс-шаралары;
- Оқу-тәрбие үдерісінің мазмұны мен нәтижелілігі бойынша мониторинг өткізудің сапасы;
- Патриоттық тәрбие және білім беру ұйымының кеңістік-пәндік ортасын ұйымдастыру (мемлекеттік рәміздер, тақырыптық стендтер, плакаттар, т.б.);
- Ата-анамен жұмыс жоспары, мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысының хаттамалары;
- Ұл-қыздармен жұмыстың жылдық жоспары, ұлдар, қыздар жиналыстарының хаттамасы;
- Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралар (суицидтің алдын алу, зорлық-зомбылықтың алдын алу, т.б.бойынша жұмыс жоспары, тәртіп бұзуға бейім оқушылармен жұмыс, профилактикалық кеңес хаттамалары);
- Оқушылардың өзіндік, зертханалық жұмыспен айналысу жағдайы және оның қорытындысы;
- Әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспары,мектеп оқушыларының әлеуметтік паспорты, қамқоршылық кеңес жұмысы, қамқоршылық кеңес отырысының хаттамалары, аз қамтылған оқушылар туралы мәлімет (тұл жетім, жартылай жетім, көп балалы);
- Тәлімгердің жұмыс жоспары, мпектептің өзін-өзі басқару жұмысының бар болуы және тиімділігі, «Жас Ұлан» ұйымының жұмысы, республикалық, жергілікті оқушылар ұйымдарының қызметіне оқушылардың қатысуы, олимпиадаларды, жобаларды, сайыстарды, акцияларды, фестивальдарды, спорттық сайыстарды ұйымдастыру және оларға қатысу, мектепішілік жиындар, саптүзеулер;
- Мектеп психологының жұмысы, оқушылар арасында өткізілетін психологиялық жұмыс, психологиялық қызметтің әдістемелік қамтамасыз етілуі, психологиялық қызметтің оқу-тәрбие үдерісімен қарым-қатынасы;
- Мектептің дәрігерлік пунктінің жұмысы.