Дарынды ұстаз болған жерде дарынды бала шығады. Осыған орай мұғалім жан-жақты, кәсіби дайындығы терең, өз бойына жинақтаған білімін жастарға үйрете алатын маман болуы шарт. Ол тек білімді жеткізуші ғана емес, керісінше, оқушының білімін, өмірге көзқарасын жүйелі түрде қалыптастыра алатын, ізденгіштікке баулып, танымдық қабілетін дамыта түсетін болуы керек.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
• өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
• оқушы дарындылығының моделін білу;
• қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
• дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына көңіл бөлу;
• дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білу.