«Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің2024 жылдың 1 ш тоқсан айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген ішкі талдаудың сараптамалық анықтамасы
«Үржар ауданының білім бөлімі» ММ-нің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2023 жылғы 8 ақпан №12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген мекеменің атауы: «Үржар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ.
Ішкі бақылау жұмысын жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің себептері мен жағдайларын анықтау үшін ауданның білім бөлімі тарапынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына ауданның білім бөлімінің мектепке дейінгі және жалпы орта мектеп бөлімі бойынша сектор меңгерушісі Е.Т. Шакеев, бас маман К.Б. Конаева, бас маман В.К. Байсинова, бас есепші А. Жабагина, З. Серікова, Д. Калиева кірді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығы.
Талданатын кезеңі: 2024 жылдың 3 айына.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) бөлімдерге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің қаралуы ;
2)Кадрлардың қозғалысы
3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
4) Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің жүргізілуі
5)Білім саласындағы қаржының мақсатты жұмсалуы
"ШҚО Үржар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік қызметшілері саны – 4, дерек бойынша 5. 2024 жылдың талданып отырған кезеңі ішінде теріс негіз және жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалу бойынша жұмыстан шығу деректері болған жоқ, бөлім қызметкерлері ішінен коррупциялық құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылғаны жоқ. Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Конкурстық және тәртіптік комиссиялардың құрамы бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін оқуға уақытылы жіберілуде.
Үржар ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінетіне уақытша 1 әдіскер, 1 кіші қызметкер жұмысқа қабылданды.
Мектептердегі кадрлар бойынша бос орындарды жабу:
2024 жылы мектеп директорының бос орнына конкурсқа бос орын 5. Үміткерлер кезеңдер бойынша құжаттары жинақтауда.
Үржар ауданының білім бөлімі тарапынан барлық аудандағы білім беру ұйымдарымен Мемлекеттік кәсіпорындардың кадр саясатында меритократия қағидаттарын бекітуге бағытталған шекті келісім жасалды. Бұл келісім бойынша барлық білім беру ұйымдары бос орындарға қажетті кадрларды конкурс негізінде жұмысқа қабылдайды. Білім беру ұйымдары бойынша бос орындарға жарияланған конкурстарға ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
3.Мүдделер қақтығысын реттеу:
Ауданның білім саласы бойынша қызметке тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде жақын туыстары ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындас-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп – жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-қарындас-сіңлілері, ата-аналары мен балаларын қызметке алу бойынша бір мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Тәртіптік жауапкершілік:
Есептік кезеңде мектеп директоры лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершіліктер саны 7. Жауапкершілікке тартылған қызметшілер арасында қылмыстық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы құқық бұзушылықтар жасағандығы анықталған жоқ.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша:
Үржар ауданының білім бөлімі тарапынан тұрақты негізде (тоқсан сайын) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (МҚІА) есеп жолданады. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрыққа сәйкес Үржар ауданының білім саласы 23 мемлекеттік қызмет түрінен барлығы 666 қызмет көрсетілді. Оның ішінде халыққы қызмет көрсету орталығы арқылы-24, электронды үкімет порталы арқылы-33, мемлекеттік орган арқылы-100, автоматтандырылған қызметтер арқылы – 509 қызмет көрсетілді. Талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
5.Мемлекеттік сатып алу
2024 жылы Үржар ауданының білім бөлімі бойынша 1775,5 мың тенгеге мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылды. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
6.Мемлекет қаржысының мақсатты жұмсалуы:
2024 жылдың қаңтар айында Үржар ауданының білім бөлімінің бас есепшісі тарапынан 5 білім беру ұйымдарына бөлініп берілген мемлекет қаржысының, оның ішінде қызметкерлердің айлық еңбек ақыларының дұрыс аударылуына талдау жасалды.
7.Мектеп директорларының электрондық цифрлық қолтаңбасы бойынша: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында барлық білім беру ұйымарының мектеп директорларының электрондық цифрлық қолтаңба кілттеріне тексеру жұмысы жүргізілді.
Қорытынды бөлім.
Үржар ауданының білім бөлімі жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар жасау фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізілген жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтіп, тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды уақытылы жүргізу қажет екендігін ұсынды.
Жұмыс тобының төрағасы: Е. Шакеев-Үржар ауданы білім бөлімі басшысының м.а
Жұмыс тобының мүшелері: А. Жабагина-бөлімнің бас есепшісі, В. Байсинова-бөлімнің бас маманы, Қ.Қонаева-бас маман, Е. Рымбеков –бөлімнің мемлекеттік сатып алу бойынша жауапты маманы
Жұмыс тобының хатшысы:А.Назарбек-бас маман.
Орындаған: бас маман А.Назарбек. _____________________