2023-2024 оқу жылындағы жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығында мектеп оқушыларын тегін тасымалдауын қамтамасыз ету барысында атқарылған іс-шаралар туралы анализ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру және мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мақсатында оқушылардың сабаққа толық қатысуларын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдау ұйымдастырылған.
Үржар ауданы бойынша 7 елді-мекеннен тасымал ұйымдастырылады:
1.«Найманбай атындағы орта мектебі» кмм-не Бекет мөлтек ауылынан 6 км қашықтықта орналасқан Бекет ауылынан қатынап оқитын 48 оқушылар үшін тасымал ұйымдастырылған.
- 2. «Қойшыбай Төлеубеков атныдағы орта мектебі» КММ-не 9 км қашықтықта орналасқан Малақ ауылынан қатынап оқитын 56 оқушылар үшін тасымал ұйымдастырылған.
- «Қарақол орта мектеп– бақшасы» КММ Қарақолауылынан 5 км қашықтықта орналасқан «Абай » елді мекенінен қатынап оқитын 8 оқушылар үшін тасымал ұйымдастырылған.
- «Жанай орта мектеп-бақшасы» КММ орналасқана Жанай ауылынан 8 км қашықтықта орналасқан «Амангелді» ауылынан қатынап оқитын 15 оқушылар үшін тасымал ұйымдастырылған.
- Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Б.Тұрлыханов ОМ де Қарамойыл ауылынан 8км қашықтықта орналасқан Ақжар ауылына қатынап оқитын 17 оқушылар үшін тасымал ұйымдастырылған.
- «Алтыншоқы орта метеп-бақшасы» мектебінде Теке-бұлақ ауылынан 5 км қашықтықта орналасқан «Теке-бұлақ» ауылынан қатынап оқитын 16 оқушылар үшін тасымал ұйымдастырылған.
- «Әуезов атындағы орта мектебінде» Теке-бұлақ ауылынан 5 км қашықтықта орналасқан «Теке-бұлақ» ауылынан қатынап оқитын 7 оқушылар үшін тасымал ұйымдастырылған.
Тасымал «Үржар аудандық білім бөлімі» ММ-нің мектепке берген жаңа автобустармен ұйымдастырады.
Тасымалды ұйымдастыру іс-шараларын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы әң сәуірдегі №158 (9- қосымша) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары негізінде мектепішілік бұйрық шығарылып, арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Айлық барысында:
- Оқушылыр тізімі
- Оқушыларды мектепке әкелу және үйлеріне жеткізіп салу кестесін құру және қауіпсіз жол бағыты сұлбасы
- Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылауға арналған арнайы журнал
- Сынып жетекшілерін, ата-аналар мен оқушыларды жолда жүру және техника қауіпсіздігі ережелермен, көліктің түрі, көлік жүргізушісімен таныстыру, жиналыс өткізу
- Мұғалімдер арасында арнайы шығарып салу үшін кезекшілік кестесін құру
- Автокөліктің балаларды тасымалдауын анықтайтын белгілермен жабдықталуын, автокөлік жүргізушісінің медициналық тексерістен өткендігін бақылау ұйымдастырылды
2023-2024 оқу жылындағы Бекет ауылынан қатынап оқитын оқушыларды мектептен үйге шығарып салу кестесі. Тасымалды ұйымдастыру бойынша мектепте кесте құрылып, мұғалімдер арасында кезекшілік ұйымдастырылған.