питание анализ

Абай облысы Үржар ауданы

2023-2024 оқу жылында тегін ыстық тамақтың берілуінің ұйымдастырылуы туралы

АНАЛИЗ

 

Қазақстан  Респбликасы Үкіметінің «2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына, ҚР білім жне ғылым министрлгінің 158 бұйрығына сәйкес ата-аналардың  өтініштер негізінде санаттарына сәйкес  Үржар ауданында 1-11 сыныпта 6528 тегін тамақтануда. Оның ішінде 5-11 сыныпта 2048 оқушы тегін мемелекеттік көрсету бойынша, 1-4 сыныпта 4480 бала тегін тамақтанады.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минстрлігінің «мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында  тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамқатандыруды қамтамасыз етуге байланысты  тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығын негізге ала отырып мектеп оқушыларының тегін тамақтануын тексеретін бракеражды комиссия мүшелері құрылды.  Осы баркеражды комиссияның отырысының жылдық жоспары мен тамақтың сапалылығын ұйымдастыру бойынша мониторинг жүргізу жоспары жасалып бекітілді. Балалардың тамақтану сапасын мониторингілеу жөніндегі комиссия сапалы теңгерімді тамақтануды ұйымдастыруды, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, білім беру ұйымдарында №76 санитариялық –гигиеналық талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Сол себепті айына  бір рет бракераж комиссиясы ыстық тамақты тексеріп анықтама жазып отырады. Ыстық тамақтың тексеру қорытындысын тоқсан сайынғы өтетін педагогикалық кеңесте қаралып отырады.

Мектептегі ыстық тамақтың бракераждік тексеру комиссиясының жұмысы:

1.Бракераждік тексеру комиссиясының құрылуы туралы бұйрық, құру мерзімі;

Мектепте бракераждық тексеру комиссиясы құрылған.

2.Бракераждік тексеру комиссиясының құрамы, бекітілген жоспар, акт, хаттамалардың болуы;

3.Бекітілген ас мәзірінің болуы (күнделікті және перспективалық мәзір)

4.Мәзір бойынша тағамның әртүрлілігі;

5.Шикі және дайын тағамдардың бракераж журналының болуы;Бар

6.Тағам өнімдерін лайықты ыдыстармен арнайы  бекітілген автокөлікте тасымалдау және жеткізу ережелері.

7.Мектепте ыстық тамақты ұйымдастырудың ай сайынғы мониторингі және есебі

8.Есептерді  интернет-ресурстарда орналастыру:

 ІІ.Мектеп әкімшілігінің ыстық тамақты ұйымдастыруы:

1.Мектеп әкімшілігінің мектеп асханасында кезекшілік кестесі;Оқушылардың асханадағы тәртібі мен тамақтануын қадағалау үшін мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерден кезекшілік кестесі құрылған.  Кезекшілік кестесі мектеп директорының мөрімен, қолымен бекітілген.

2.Оқушылардың тамақ ішу күн тәртібі (график, тамақ ішуге арналған уақыттың ұзақтығы, асхананың күн тәртібі);

3.Ас ішу тәртібінің сақталуы, экологиялық таза ауыз суының болуы (су ішетін бұрқақтың,  диспенсерлердің болуы, олардың дер кезінде тазартылуы);

4.Қол жууға қажетті жағдайдың болуы;

ІІІ.Мектепетгі ыстық тамақтың тамақтанудың бірыңғай стандартына сәйкес болуы:

1.Білім беру мекемелерінде тиым салынған ас түрлерінің тізімінің болуы (тізім беріледі).

1.Ата –аналардың шағым ұсыныс кітаптарының болуы (шағымдар мониторингісі және қолданылған шаралар).

2.Мектеп асханасының безендірілуі (денсаулық бұрышының болуы, күн тәртібі,  заманауи талаптарға сай «Ас болсын», «Приятного аппетита» т.с.с плакаттарының болуы);

3.Асханада және ас блогында  видеокамераның болуы.

4.Салауаттты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттаудың жоспары (сыныпта, мектепте, ата-аналар жиналысында т.б);

5.Дұрыс тамақтану туралы ақпарат материалдарының болуы;

6.Мектептегі дұрыс тамақтануды насихаттайтын интерактивті әдістері (видеофильмдер, роликтер, сынып сағаттары, дәрістер, кездесулер, дөңгелек үстел,  конференциялар,т.б);

7.Оқушылардың тамақтануы туралы табельдің жүргізілуі:

Мектеп асханасы тегін ыстық тамақ бекітілген ас мәзіріне сәйкес күнделікті беріліп отыр. Тегін ыстық тамақты ұйымдастыруға қойылған талаптар орындалуда.

Дата публикации
09 ноября 2023