баяндама суицид

Балалар қауіпсіздігінің ведомствоаралық кешенді жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің , ерте жүктіліктің ,басқа да құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша шаралар жүргізу туралы баяндама

Бүгінгі жиналыстың маңызы өте зор.Себебі: болашақ жас ұрпақтың тәрбиесіне алаңдаушылық танытып , баланың білімді , өнегелі , тәрбиелі ұрпақ болып қалыптасуына мектептің , отбасының , қоғамның үлесі ерекше екенін атап айтқым келеді. Ел болашағы білімді жастардың қолында , оларға қандай тәрбие мен білім берсек мемлекетіміздің де болашағы сондай болмақ.

Үржар ауданының білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық кешенді жоспар дайындалып, жоспарды іске асыру бойынша комиссия құрамы бекітіліп, жоспарға сәйкес барлық білім беру ұйымдарында алдын алу жұмыстары атқарылуда. Жоспар негізгі әр түрлі  бағыттан тұрады: Жасөспірімдердің қараусыз, қадағалаусыз қалуының және құқық бұзушылығы мен қылмысының алдын алу, Жасөспірімдерге қатысты қатігездікпен қараудың және зорлық-зомбылықтың алдын алу, қылмыстардың, балалардың жарақаттануының, суицидтің және табиғи емес себептерден балалар өлімінің алдын алу,  жасөспірімдер арасындағы экстремизмнің алдын алу, жасөспірімдерді бейәлеуметтік сипаттағы бейресми бірлестіктерге тарту. Соның ішінде жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бойынша мектептерде  педагог-психолог мамандар жұмыс жасайды. Сәтсіз отбасы балалары мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары үнемі мектеп әкімшілігінің бақылауында болуы керек. Оларға күнделікті әлеуметтік, психологиялық қолдау көрсетіліп отырылуы керек. Әлеуметтік көмек (ыстық тамақпен, жылы киіммен, мектеп формасымен қамтылуы), психологиялық көмек (оқушының сабаққа келгендегі көңіл күйі, сыныптастарымен, ұстаздарымен қарым-қатынасы, сабақта, үзіліс кезінде өзін ұстауы бақылау) көрсетіледі. Оқушы сабаққа келмеген жағдайда сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог, тәрбие ісінің меңгерушісі, психолог себебін анықтауы керек. Тәртіп бұзып, баласына жеткілікті дәрежеде дұрыс көңіл бөлмеген ата-аналар мәселесі аудандық кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралып отыруы керек  

Жоспарлы түрде білім бөлімі тарапынан мектептерде тиісті жұмыстарды өз деңгейінде жүргізу үшін жасөспірімдер арасында репродуктивті денсаулықты сақтау шаралары (жыныстық тәрбие, ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу бойынша медицина қызметкерлерімен, аудандық прокуратура, АІІБ-мен бірлескен әдістемелік семинарлар) жүргізіліп отыруы керек. Озбырлық пен  қаталдық көріністерін теледидар бойынша көрсетуді шектеу, интернет желісінде құқыққа қайшы  контенттің таралуын болдырмау бойынша жұмыс жүргізу, казтелеком арқылы «ата-ана бақылауы» қызметіне қосылу, бейнероликтер көрсетілімін ұйымдастыру туралы әдістемелік көмектер де көрсетіліп отыру, алайда, тәрбие жұмысында ұл-қыздармен жұмыс, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар тиісті деңгейде ұйымдастырылмағандықтан, аудан мектептерінде жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар орын алып қалатынын өздеріңізде көріп ,куәсі болып жүрсіздер. Бұған себеп, мектеп әкімшілігі тарапынан бақылау мен басшылықтың және қыздармен жұмыс жүргізуде мектеп психологтары мен сынып жетекшілерінің жұмысының әлсіздігі.

Балалар өз проблемаларын ашылып ешкімге айтпайды. Біреуге айтса, елдің бәріне жария болып кете ме деп қорқады. Сонымен өзіне-өзі қол салу өміріндегі кездескен дағдарыстан шығудың түйық жолы, өмірмен күресуге қабілетсіздік, қиыншылдыққа төзе алмау. Алдын ала өзін өлімге ақырын бейімдеп жүреді де, кейін сәл ғана нәрсе түрткі болады. 15-25 жас аралығында жастар арасында жыл сайын өзіне-өзі қол салушылар көбеюде. Зерттеу нәтижесі бойынша әрбір бесінші жас ұшырайды екен.

 Жасырын түрде осы тақырыптарда оқушылар арасында жиі сауалнамалар жүргізіліп отыруы керек. Әлімжеттік көрген , өзіне қорлық-зомбылық көрген әр бала мұғалімнен , ата анадан қолдау көмек көретініне сенімді болуы керек , сонда ғана сондай жағдайға ұшыраған бала сізден көмек сұрай алады.

Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін балалардың бос уақыты тиімді ұйымдастырылып, оларды қосымша білім беру ұйымдары мен мектеп үйірмелеріне қамтамасыз етіп, түрлі шараларға қатысу белсенділігін арттыру қажет.

Орталық және ауданаралық ауруханалардағы салауатты өмір салты кабинеттері, гинеколог дәрігерлер, психолог мамандармен тығыз байланыс жасалып, қыздармен жұмыс түрлі формада ұйымдастырылсын.

Жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау, бопсалау , ұйымдасқан топтық төбелес , ұрлық фактілірін болдырмау үшін полиция қызметкерлері , психологтар , мектеп ұжымы, ауыл әкімдері бірлесіп жұмысты жандандыруға міндетті.

Жоғарыда айтылғандарды ескере келе келесідей тапсырма беремін.

Б-р мен жасөс-р қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық кешенді жоспар басшылыққа алынып тиісті тармақтары бойынша  жоспардың орындалуы бойынша әр айдың 20на кешіктірмей маған электр.түрде жіберіп отырасыздар.

Әлеуметтік жағ.төмен, сәтсіз отб.балал.үнемі ерекше назарға алынсын. Осы балалармен профилактикалық шаралар ұйымдастырылсын.

Осы тақырыптарда мінез құлық ережелерін түсіндіретін сынып сағаттары өтсін.

Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмысы жетілдірілсін. Психологтарға  осындай топ балаларына жасырын сауалнамалар , ойын тренингтар ұйымдастырып , «қауіп тобына» жататын балаларды анықтап нәтижеге жұмыс жасау міндеттелсін.

Дата публикации
28 февраля 2023