Бос орын

БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Білім беру ұйымының атауы:
     Абай облысы білім басқармасының «Ер Төстік» балабақшасы» КМҚК -мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы

Бос лауазым: тәрбиеші

Бос жұмыс орнының саны:

1 штат бірлігі (уақытша)

 0,75 штат бірлігі тұрақты

Жұмыс орнының орналасқан жері: Үржар ауылы, Брусиловский к. 1Д.

 

Лауазымдық міндеттері:

  • тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;
  • балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу және оқыту процесін ұйымдастыру;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асыру;
  • балалардың күн тәртібін ұйымдастыру және сақтау;
  • ойын, шығармашылық, танымдық, қимыл-қозғалыс және басқа да балалар әрекеттерін ұйымдастыру;
  • балалардың жеке дамуына жағдай жасау;
  • заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру;
  • ата-аналармен (заңды өкілдермен) өзара ынтымақтастық орнату;
  • балалардың қауіпсіздігін, санитариялық-гигиеналық талаптардың және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді сақтау.

Біліктілік талаптары:

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыты бойынша:

  • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім; немесе
  • техникалық және кәсіптік педагогикалық білім; немесе
  • тиісті педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат.

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгіленеді.

Кәсіби дағдылары:

  • мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істей білу;
  • балалардың жас ерекшеліктерін білу;
  • педагогикалық және коммуникативтік құзыреттілік;
  • балалармен қауіпсіз жұмыс жүргізу дағдылары;
  • заманауи педагогикалық технологияларды қолдана білу;
  • ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орната білу;
  • цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана білу.

Жұмыс жағдайлары:

  • жұмыс уақыты: 08.00 – 18:00;
  • жалақысы: қолданыстағы штаттық кестеге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес;
  • еңбек демалысы: қолданыстағы заңнамаға сәйкес.

Қажетті құжаттар:

  • жеке куәлік көшірмесі;
  • білімі туралы дипломның көшірмесі;
  • білімі туралы құжатқа қосымша;
  • еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған жағдайда);
  • педагогикалық қайта даярлау туралы құжат (қажет болған жағдайда);
  • жеке іс қағаздарына қажетті өзге де құжаттар.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
«15» қыркүйек  2026 жылдан
«
23 » қыркүйек 2026 жылға дейін.

Байланыс телефоны: 87079209572

Мекенжайы: Үржар ауылы, Брусиловский к. 1Д.

Дата публикации
16 сентября 2026