Ауылдың дамуы жолдардың жөнделуімен тікелей байланысты. Қарақол ауылының кіре беріс жолы ауыл ақсақалдарының айтуынша соңғы рет 1976 жылы жасалған, содан бері тозығы жетіп талай жылдан бері жөндеу жұмыстарын қажет етіп келген.
Нақтырақ айтсақ, жолдағы шұңқырлар мен тозығы жеткен асфальт жабындысы жөнделмеген. Осыған байланысты бюджеттен қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары басталып кетті.
Құрметті достар!
Бүгін жергілікті органмен жұмыс барысын көріп қайттық. Асфальт төсеу жұмыстары басталған. Әлеуметтік желіге шыққан жазылымға байланысты яғни битумның орнына жанармай құйылып жатқандығы туралы мердігерге ескертіліп, бақылауға алынды.
Жалпы жол құрылысының сапасы – мердігерлерге байланысты.
Одан бөлек, жөндеу жұмыстарының сапалы атқарылуына техникалық қадағалаушының да тигізер ықпалы зор. Бір сөзбен айтқанда, мердігерлер жөндеу жұмыстарының сапалы атқарылуына баса көңіл бөліп, ел мен халық алдындағы жауапкершілігімен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де ұмытпағандары жөн.
Биыл да өңірде жол құрылыстарын жүргізіп жатқан жауапты мердігерлерден осындай нәтиже күтеміз. Іске сәт!