Меню

Страницы

Статья

VIII- шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 2-сессиясы өтті

        2023 жылдың 26 сәуірінде VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 2-сессиясы өтті. Сессия күн тәртібінде тындалған өзекті мәселе – «Үржар ауданының 2022 жылғы  бюджетінің атқарылуы туралы» есебі және Абай облысы бойынша тексеру комиссияның жергілікті атқарушы органның аталған есебіне қорытындысы.

        «Үржар ауданының 2022 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» жергілікті атқарушы органның жылдық есебіне Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының есебімен (жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды) Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Өміртаев Асыл Аманғалиұлы таныстырды.  

        Қорытынды құрылымында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері, салықтық және салықтық емес түсімдердің болжамды көрсеткіштеріне қол жеткізу көрініс тапты, мемлекет қаражаттарын пайдалануға, бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге, бюджеттік кредиттерді пайдалануға және өтеуге, мемлекет активтерін сатып алуға, сатуға және пайдалануға, нысаналы трансферттерді, бағдарламалық құжаттарды іске асыруға, бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу және мемлекет активтерін пайдалу тиімділігіне талдау жүргізіліп, баға берілді. Абай облысы бойынша тексеру комиссияның «Үржар ауданының 2022 жылғы бюджетінің орындалуы туралы жылдық есебінде (қорытындысында)» көрсетілген ескертулер мен ұсынымдар назарға алынды.

        Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 132 бабына сәйкес және қаржылық тәртіп, бюджеттік жоспарлау және атқару, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу және рәсімдік бұзушылықтарды азайту үшін жауапкершілік деңгейін арттыру мақсатында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Чакиновтың «2022 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуы туралы» баяндамасымен бірге «Үржар ауданын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру туралы», Үржар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Болатовтың, Үржар аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры С.Мавсымбаевтың, Үржар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Қабдолдановтың «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының ауданды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы», 27 ауылдық округ әкімдерінің «Ауылдық округтердің 2022 жылдарға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы» баяндамалары тындалды.

       Аудандық мәслихаттың депутаты, «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, салық, ауыл шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның төрағасы Қанағат Маратұлы Чарахметов аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытынды жасап, сессияның бекітілуіне ұсынды, қатысып отырған депутаттар дауысқа салып бірауыздан қолдады.   

       Сондай-ақ сессия күн тәртібінде «Үржар  аудандық мәслихатының 2022  жылғы 22  желтоқсандағы №22-359/VII «Үржар ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымындағы № 53-656/VI «Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс  істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»,  «Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 қазандағы № 9-133/VII  «Үржар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», «Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-745/VI  «Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Үржар  аудандық мәслихатының 2014 жылдың  15 сәуірдегі № 24-253/V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы», «Үржар ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы», Үржар ауданы әкімдігінің жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы», «Үржар ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы», «Үржар ауданының консультативті-кеңесші органның құрамын бекіту туралы», «Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы №37-407/VI шешімімен сайланған аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері құрамына өзгерістер енгізу туралы» сияқты әр түрлі мәселелер қаралып бекітілді.

         Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

Дата публикации
27 апреля 2023
Дата обновления
27 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
09 января 2026
Сабилянов Нұртай Салихұлының жұмыс сапарын
Пайдалы ақпарат
10 октября 2025
Ақпекова Айсұлу Талғатқызы: Орта мектептердің жылу маусымына дайындығы
Пайдалы ақпарат
10 октября 2025
Сабитов Сабырбек Тунгышбаевич: Жылыту маусымына дайындық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы